Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.оқулықтағы жаңа ерекшелік онда тақырыптар бойынша жарық көрген маңызды еңбектердің фотосуреттерінің берілуі дер едік. Олармен танысқан студенттердің аталмыш еңбектерге деген қызығушылығының арта түсері сөзсіз.
Оқулықты жазу барысында авторлар ұжымы төмендегідей тақырыптар бойынша жұмыс істеді:
Орталық Азиядағы түркі тайпалары ұлыстарының картасын деректер негізінде дайындаған – Т.О. Омарбеков.
Алғы сөз – Т.О. Омарбеков, І бөлім 1-тарау – М.С. Ноғайбаева (§ 1), Б.Б. Кәрібаев (§ 2); І бөлім 2-тарау Ж.Б. Құндақбаева (§ 1-5) , І бөлім 3-тарау – Б.Б. Кәрібаев (§ 1), М.С. Ноғайбаева (§ 2), І бөлім 4-тарау – Б.Б. Кәрібаев (§ 1-4), М.С. Ноғайбаева (§ 5); І бөлім 5-тарау – М.С. Ноғайбаева (§ 1-5); І бөлім 6-тарау – Н.Д. Нуртазина (§ 1), М. Өскенбай (§ 2); І бөлім 7-тарау – Б.Б. Кәрібаев (§ 1-5).
ІІ бөлім 1-тарау – Б.Б. Кәрібаев (§ 1-4), Т.О. Омарбеков, Б.Б. Кәрібаев (§ 5); ІІ бөлім 2-тарау – Ж.Е. Жаппасов (§ 1-7), Э.Т Телеуова (§ 8); ІІ бөлім 3-тарау – Ж.Е. Жаппасов (§ 1-3), Э.Т Телеуова (§ 4-8); ІІ бөлім 4-тарау – Э.Т Телеуова (§ 1-2).
«Қазақ ру-тайпаларының тарихы» топтамасы бойынша жарық көрген еңбектерден алынды.
I бөлім
ЕУРАЗИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ХIII-ХVIII ҒАСЫРААРААҒЫ ҰЛЫСТАР МЕН ОРдАЛАР
І тарау
ҰЛЫ ЛАЛАДА МОҢҒОЛ БИЛІГІНІҢ ОРНЫҒУЫ ЖӘНЕ ҰЛЫСТАРЛЫҢ ҚҰРЬІЛУЫ
§ 1. Орта Азия мен Қазақстан аумағы моңғол-түрік империясы құрамында
Тарихтың бұған дейінгі даму жолы мен бет-бейнесін аса зор өзгеріске ұшыратқан ең ірі тарихи оқиғалардың қатарында моңғол жаулап алушылығы дәуірін ерекше атап көрсетуге болады. Халықтар мен тайпалардың орын ауыстыруы, олардың көші-қон бағыттарының өзгеруі, бұрынғы ру-тайпалық жүйенің күйреуі және т.б. өзгерістер ағымы осы кезеңдегі тарихи дамудың сипатын да анықтап берді.
Шыңғыс ханның Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алу жорықтарын бастауының сылтауы – «Отырар опаты» деген атпен тарихта қалған оқиғадан бастау алғаны белгілі. Парсы тарихшысы Джувейни қаңлы тайпасынан деп атап көрсететін Отырар қаласының билеушісі Қайыр хан моңғол ханы жіберген сауда керуенін тыңшылық жасады деген күдікпен қырып салған болатын. Әрине, мемлекетаралық елшілік қарым-қатынастар тұрғысынан алғанда, Қайыр ханның бұл әрекеті ешқандай жөн-жоралғыға сыймайтын еді. Сондықтан Шыңғыс хан «әділетті» түрде Қайыр ханды ұстап беруді талап етті. Ал өз тарапынан Мұхаммед Хорезмшах бұл талапты орындау былай тұрсын, бұл елшілерді де өлтіруге бұйрық берді. Мұхаммед Хорезмшах өз әрекетінің қандай салдарға апарып соғарын айқын білгені белгілі. Бірақ ірі мемлекеттің тәжірибелі басшысының мұндай әрекетке баруына қандай жағдайлар себеп болды деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа ортағасырлық тарихшы ан-Насави былай деп түсініктеме береді: «Ол оған (Қайыр ханды Шыңғыс ханға – авт) жөнелте алмайтын еді, өйткені әскердің көп бөлігі мен жоғары дәрежелі әскербасылар соның (Иналханның) қыпшақ туыстары болатын. Оның кестесіндегі өрнекті және оның түйінінің негізін