Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
тіке шабуыл жасайды. Түптің түбінде Самарқандта да моңғолдар алдында тізе бүккен кезде, ең алдымен, Шыңғыс ханның тікелей жарлығымен қала қорғанысын ұйымдастырған 30 мың әскерді 20 әмірімен түгел қырып салады17. Ал Үргеніш қаласындағы жағдай Теркен хатунның қаланы тастап шығып кеткеннен кейін одан әрі шиеленіскен еді. Дегенмен қала моңғолдарға қарсы 7 ай қорғанды18. Бірақ қала қорғанысын ұйымдастырушы әскер басшыларының арасында алауыздық туып, Каспий теңізінің бір аралында қайтыс болған сұлтанның соңғы өсиеті бойынша тақ мұрагерлігіне сайланған Жалал адДинді қолдаудан бас тартып, өзара бүлік шығарды. Олар өзара ақылдасып, Теркен хатунның туысы Құмар тегінді сұлтан деп жариялайды. Үргеніштің құлауымен моңғолдар Орта Азияны толық басып алды.

      Хорезмшах сұлтаны Жалал ад-Дин моиғол шапқыншылығына қарсы аяусыз күресін тоқтатпайды. Деректерде ол «сөзі бойынша түркі еді, бірақ парсы тілінде де сөйлейтін, арыстандардың арасындағы арыстаны және жауынгерлер мен батырлардың ең ержүрегі болатын» деп сипатталатын Жалал ад-Дин сұлтан билікті 1220 жылы Мұхаммед Хорезмшахтың даңқсыз өлімінен кейін ғана қолына алды. Хорезмнің қорғанысын ұйымдастыра алмайтынына көзі жеткеннен кейін әрі өз өміріне жасалған қастандықтан кездейсоқ аман қалған сұлтан өзіне адал берілген, 300-дей түркілерден құралған әскерімен, ТемірМәлікпен бірге қазіргі Ауғанстан аумағына өтіп кетуге мәжбүр болды. Сәл алға озып айта кетсек, бұдан былай Жалал ад-Динмен бірге моңғолдар үшін үлкен қауіпке айналған Темір-Мәлік тағдырдың талай сынынан өтеді. Жалал ад-Дин қайтыс болғаннан кейін сопы киімін киіп, Шамға, Сирияға кетеді. Бірақ туған жерге деген махаббаты мен сағынышының әсерінен қайта оралып, біраз уақыт Ош маңында тұрып, бала-шағасы жайлы мәліметтер жинап, бір күндері Ходжентке қайтып оралады. Алайда дерек мәліметтеріне қарағанда ол өзін танып қойған монғол қолбасшысы Қадакан-Оғұлдың қолынан қаза табады.

      Көп ұзамай қыпшақ даласы да моңғолдар билігіне өтеді. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қаңлы, қыпшақ және т.б. тайпалардың бірнеше бөліктері Шыңғыс хан әскеріне еш қарсылықсыз бағынғаны да белгілі.

      Шыңғыс хан бастаған моңғол әскері Орта Азия аумағын 1221 жылы, ал бүкіл Қазақстан аумағын жаулап алуды 1224 жылы аяқтағаны белгілі. Моңғол шапқыншылығын көзімен көрген автор: «Адамдар бұрынғы ғасырларда, жойылған мемлекеттер заманында да құлақ естіп, көз көрмеген апаттардың куәсі болды», – деп сипаттаған моңғол шапқыншылығы адамзат тарихындағы ең қайғылы, күрделі оқиғалар қатарына жатары даусыз.

      Алғашында «киіз туырлықты халықтарды біріктіру» ұранымен жүргізілгені моңғол жаулап алушылығының нәтижесінде Шыңғыс хан Сібір, Қазақстан, Шығыс Түркістан аймағындағы түркі тайпаларын күшпен бағындыру, жаулап алу, бейбіт құда-жекжаттыққа негізделген байланыстар орнату, т.с.с. әдіс-тәсілдермен өзіне бағындыру саясатын сәтті аяқтап шықты. Бірақ ол «киіз туырлықты халықтардын» ендігі үстемдік жүргізушілері моңғолдар екендігін


Скачать книгу

<p>17</p>

Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Кн. 2. – М. – Л.,1952. – Т 1. – 208 с.

<p>18</p>

Там же, 216 с.