Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
жүз үшін маңызды мәселелердің бірі «ішкі жаққа», яғни Жайық пен Еділ аралығына көшіп-қону мәселесі еді. 1756 жылы қазақтарға қыстың күні Оралдың батыс бөлігіне мал жаюына тыйым салынған патша жарлығы шықты. Ал жазда Оралдың сол жағалауындағы жұтаң жайылым мал тұяғына тапталып жатты, яғни ол жерде қамыс төселген жер де, қысқы тұрақ үшін шөп те, тоғай да болмады. Қысқы бұрқасын мен боранда жаппай малдың қырылуы орын алды. Нұралы хан, билер мен сұлтандар осындай орын алған жағдайларға алаңдады. Бұл мәселе хан мен ру старшындарының, ірі билердің жағдайын қиындатты. Патша жарлығының ресми түсіндірмесі қазақтар мен қалмақтар арасындағы қақтығыс отын тұтатып, бір-бірінен барымта алуды күшейтуге құрылды. Дегенмен бұл жарлықтың астарында тағы да мынадай сыр жатқан еді: қазақ қоғамын экономикалық жағынан әлсірету, оларды сыртқы ықпалдан оқшаулау. Өз кезегінде мұндай ахуал жер пайдалану мәселесін одан әрі ушықтыра түсті. Жайылым жерлердің жетіспеушілігінен, қыстың қатты болуынан қазақ шаруалары зардап шекті. Жер иеленудегі рулық айтыс-тартыстар, егестер қатардағы көшпенді малшыларға ауыртпалық әкелді: олардың жайылымдық жер көлемі, көшіпқону жолдары да қысқартылды, одан сорақысы бұл жағдай жылдан-жылға шиеленісе түсті.

      Қазақтардың жер қожайындары «ішкі жаққа» көшіп-қону құқығына қол жеткізудің қажеттілігі мәселесі төңірегінде ауызбіршілікте болды. Осындай талаптарын алға тарта отырып, Нұралы ұзақ уақытқа созылған хат алмасулар жүргізді, бұл жерлерді қазақтардың пайдалануына рұқсат беру туралы көптеген өтініштер де түсірді. Осындай хат алмасулар мен келіссөздер негізінде қазақтар бұл тәртіпке қол жеткізіп, 1759 жылдың қысында қазақтардың айтарлықтай бөлігі Оралға қарай өтті. Дегенмен мұнда олар қазақтардың 40 мыңға жуық малын айдап әкетіп бара жатқан қалмақтармен қақтығысып қалды.

      Патша билігі өкілдері қазақтардың «ішкі жаққа» көшіп-қонуына әр түрлі көзқараста болды. Сонымен, Орынбор әкімшілігінің белді тұлғалары П. Рычков пен А. Тевкелев қазақтарды Ресей билігі жағына тартуда оларды шегіну жолымен батысқа қарай тартамыз деп есептеді. Бұл әкімшілік қызметкерлері қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшіп-қонуына қалыпты тұрғыда қарады. Бірақ Орынбор губернаторы А.Р. Давыдов ешқандай да мәмілеге келмей, ортақ бір пікірге тоқталуды талап етті. Патшайым қазақтардың қиын жағдайының байыбына бармай Жайықтан өтуге қатаң тыйым салды.

      Ортақ шекараның қалыптасуы және Ресей мен қазақ жүздері жерлерінің шектесуіне байланысты құлдардың Ресей жағына қашып кету жағдайлары көптеп орын алды. Патша әкімшілігі оларға христиан дінін қабылдау талабын қойды. Құлдарды бос жерлерге жіберді, жер қазу жұмыстарына пайдаланды, рекрутқа (патшалық Ресейде армия қатарына жаңадан алынған солдат) жұмылдырылды, олардың басым бөлігі ауқатты тұлғаларға қызмет етті. Байлар мен сұлтандар құлдарды қайтару жолында бірнеше рет хат алмасты, алайда патшалық үкімет келісімін бермеді.

      Жайылымдық жердің тарлығы Кіші жүз қазақ руларының бір бөлігін Жайық,


Скачать книгу