Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
Сапура мен оның жақтастары Нұралы ханның талқандауы мен қуғын-сүргінінен қауіптеніп, Кемел өзенінің арғы жағына қоныс аударып кетті.

      Е. Пугачев көтерілісі, «Көктемір» қозғалысы қалың қазақ қоғамына барынша ықпал етті. Қазақтардың бұл қозғалыстарға қатысуы империяның отаршылдық езгісіне қарсы күреске қатысуына түрткі болды. Бұл стихиялы қозғалыстарда қазақтардың өз жерлерін казак отарлаушыларынан азат етуге талпыныстар жасалып, патшалық ұлы державаға қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Сонымен қатар қазақ шаруаларының қозғалыстары қазақ жүздеріндегі ішкі әлеуметтік қайшылықтарын ашып көрсетті.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың да қатысуының себептерін айтыңыз.

      2. Қазақтардың көтеріліске қатыса бастауына түрткі болған себептер қандай?

      3. Қазақ жасақтарының шаруалар көтерілісі жеңілгеннен кейінгі соғыс қимылдарын баяндаңыз.

      4. Көтерілістің жеңілу себебі мен салдары.

      5. Қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуының тарихи маңызы қандай?

      6. Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының осы көтеріліске қатысуының тарихи маңызы неде болды?

      § 6. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлтазаттық көтеріліс (1783-1797 ж.)

      Әбілқайыр ханның Ресей бодандығын қабылдағаннан кейінгі Кіші жүз қонысының әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде өзгерістер орын алды. Отарлау саясаты барған сайын ұлғая түсіп, саяси және экономикалық билік патша әкімшілігі қолына шоғырланды. 1742 жылы Жайық қалашығы маңына жақын жерлерге мал жаюға тыйым салу туралы жаңа акті қабылданады. 1760 жылы толықтырылып, казактарға «ерікті барымта» жасауға рұқсат еткен жарғы қабылданды. 1783 жылғы жарғы қазақтарды одан әрі тонауға мүмкіндік берді.

      Қазақ қоғамында феодалдық үдеріс, ру басшылары мен ақсүйектер мүддесіндегі қарама-қайшылық тереңдей түсті. Хандар мен билік басындағы сұлтандар патша тірегіне айналып, оның саясатын жүргізді, ру шонжарларын биліктен ығыстырды. Ал патша үкіметі олардың арасындағы алауыздықты тиімді пайдаланды, ру аралық күрес қатардағы шаруаларға зардабын тигізді.

      Саяси дағдарыс салдарынан XVIII ғасырдың ортасында Кіші жүз территориясы екі хандыққа бөлінді. Нұралы ханның қарамағына қараған қазақ рулары Батыр хан иелігіне қарайтын Арал бойы мен Сырдария бойындағы қысқы жайылымдарды пайдалану құқынан айырылды. Бұл ру қазақтары батысқа Каспий ойпатында орналасқан жайылымға жылжуға мәжбүр болды. Дегенмен Орал бекініс шебі Оралдың оң жағалауына қазақтардың қыстауына кедергі келтірді. Қазақ старшындары патша үкіметіне 1756 жылғы қазақтарға «ішкі жаққа» өтуге тыйым салған жарлықтың күшін жоюға және сол жерлерді қысқы жайылым ретінде пайдалануға беруге рұқсат сұрады. Алайда 1771 жылы Сыртқы істер алқасы тыйым салды.

      1775 жылы патша үкіметі Кіші жүзді басқару жұмыстарын қайта ұйымдастырды. Орынбор губерниясы таратылып, Кіші жүз және Орта жүз


Скачать книгу