Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.(1797-1805 ж.), Жантөре (1805-1809 ж.). Осы хандардың қазақ халқына ешқандай беделі мен ықпалы болған жоқ, сонымен қатар олар төреші болып, шекара, ішкі-сыртқы мәселелерді, халық арасындағы алауыздықты шешуде кепіл бола алмады. Бұл жағдай Ералы мен Жантөре хандарының өлімдерінен кейін байқалды. Осыдан кейін хан тағы үшін тартыс пен ел арасындағы араздық күшейе түсті. Орынбор губернаторы Г.С. Волконский: «Даладағы тәртіпсіздік пен жаппай бұзылу» бұрын-соңды мұндай әбігерлік туғызып, төмен дәрежеге түспегенін айта отырып, қазақтар «жаппай ұрлықпен айналысатын болды, сыртта ұрлық жасамаса да, өзара ішкі ұрлық жасайтын болды», – деп атап өткен12. Қаруланған қазақ жасақтары Далада бірін-бірі өзара қырып-жойып, бір-бірлерінің малдарын айдап жатқаны туралы Орынбор губернаторы Сыртқы істер министрі К.В. Нессельродеге хабарды жеткізіп отырды13. Сонымен қатар табиғи жойқын апаттар (1795-1796 жылдар аралығындағы жұт, 1803 жылдан бастап 1808 жылға дейін егіннің шықпауы) қазақ халқының экономикалық жағдайына кері әсерін тигізді. Қазақ халқының шекаралық башқұрт қатарына өтуі мен казак қыстақтарында жұмысқа жалданулары экономикалық құлдыраудың айғағы болды. Қазақтар кедейшіліктен өз балаларын Хиуаға, шекаралық шектегі орыс тұрғындарына сатуға мәжбүр болды.
Шиеленіскен әлеуметтік-экономикалық мәселе империяның оңтүстікке жылжуындағы ерекше геосаяси жағдайда болған Кіші жүздің сыртқы саяси дамуына да әсер етті. Біріншіден, Сырдария аумағына қарай жылжыған Қоқан хандығының билеушісіне (1809-1822 ж.) сол жердегі Кіші жүз қазақ рулары (шекті, төртқара) зекет төлеп отырды. Екіншіден, Кіші жүз қазақтарының Хиуа хандығымен қарым-қатынастары ушығып кетті. Билікке келген Хиуа ханы Мұхаммед Рақым (1806-1825 ж.) шекараға жақын қазақ халқына ықпалын күшейту мақсатында қазақ рулары шекті, төртқара, шөмекей қоныстарына жиі шабуыл жасап отырды. Сонымен қатар ортаазиялық билеушілер қазақ ақсүйектері мен Ресей әкімшілігінің арасын алшақтатуға тырысты, яғни Ресейден гөрі қазақ хандары мен сұлтандарына үлкен жеңілдікті уәде етті. Қазақтардың бөлініп кетуі мен қазақ хандарының ортаазиялық өңірге қоныс аударуы Ресей билігіне әрдайым қауіп-қатер төндіріп тұрды.
Мұндай шиеленіскен жағдайда көптеген мәселелер аймақтық әкімшіліктің көзқарасына байланысты болды. Орынбор губернаторы Г.П. Эссен (1817-1823 ж.) мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г. Веселицкий (1817-1820 ж.) бұл жағдайдың себебін Серғазы ханның (1812-1824 ж.) әлсіз билігімен байланыстырып, Кіші жүз қазақтарының экономикалықәлеуметтік мәселелері беделді сұлтан Арынғазы Абылғазиевтың Кіші жүз ханы ретінде сайлануымен шешілер еді деп пайымдады. Сонымен қатар «хан кеңесіне арналған ережені» бұза отырып, олар Арынғазыны хан кеңесінің төрағасы етіп тағайындап, сұлтандар мен старшындарға оған Орынбор әкімшілігінің демеу болуын ашық көрсетіп жариялады.
Бірақ 1820 жылы 19 ақпанда Азиялық комитет отырысында Далаға қандай да бір реформаларды енгізу «үлкен ретсіздік пен толқуларға» әкеледі деген үреймен П. Эссенің үсынысынан бас тартып, тек заң жүзінде сайланған ханның күші шекаралық шеп пен қазақ қоныстарында тыныштық
12
Император Александрға Орынбор әскери губернаторы Г.С. Волконский таныстырған пікір // Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). – М. – Л.: Изд. Академии Наук СССР, 1940. – Т. 4. – С. 218-224. – 543 с.
13
ҚР ОММ. – 4-қор. – 1-тізбе. – 1810-іс. – 1-5, 7-8 артқы парақша.