Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері. Əзімбек Қоқанбаев

Читать онлайн книгу.

Коллоидтық химияның көрнекі тəжірибелері - Əзімбек Қоқанбаев


Скачать книгу
нәтижесі: түскен сәуледе күміс йодидінің кірнесі сарғыш-қызыл, ал шағылған сәуледе көкшіл түс береді.

      Тәжірибенің түсіндірілуі: түскен және шағылған сәулелерде барлық кірнелердің түстері әр түрлі болады. Бұл құбылысты дихроизм деп атаймыз. Ереже бойынша көптеген кірнелер түскен сәуледе сарғыш қызыл түске, ал шағылған сәуледе көкшіл-жасыл түске боялады.

      4-тәжірибе. Нефелометрия құбылысына тәжірибе

      Тәжірибеге қажетті нәрселер: 1) Этил спиртіндегі канифольдің 2 %-дық ерітіндісі; 2) Сыйымдылығы 0.5 л-лік жазық параллель қабырғалы 2 ыдыс; 3) Ыдыс үшін қара қапшық; 4) Қуаттылығы 300 Вт шамы бар жарықтандырғыш; 5) Ақ экран; 6) Шыны таяқша; 7) Айдалған су

      Құрылғының құрылысы: Жазық параллельдік қабырғалы екі ыдысты бір-біріне тығыз жабыстырып қоямыз. Оларды іш жағы қара түспен боялған немесе қара қағаз желімделінген қапшықпен жабамыз. (7-сурет). Қапшықтың бір бүйірінен екі тесік-терезеше шығарамыз. Олар екі ыдыстың жалпы қабырғаларынан шамамен 2-3 см қашықтықта болуы шарт. Басқаша айтқанда, тесік-терезешелер (3) әрбір ыдысқа (8) қарама-қарсы 4-6 см қашықтықта тесілуі керек. Қапшықтың жоғары жағынын да (жапқышынын да) тесіктер жасау керек. Оларды біреуіне еш саңлаусыз түтікшені (7) бекітеді. Онің ішінде жарық бергіш (жарықтандырғыш) ретінде қуаттылығы 300 Вт киношамы (6) болады.

      Тәжірибенің орындалуы: 2 ыдысқа айдалған су құйып, жарық беретін аспапты қосамыз. Бұл жағдайда (1) экран жарықтандырылмайды, өйткені сәуле су арқылы өткенде іс жүзінде шашырамайды. Сосын жарық бергіш аспапты өшірмей тұрып қабықшаның қақпағына 4 саңылау арқылы ыдыстардың біреуіне этил спиртіндегі 2 %-дық канифоль ерітіндісін араластыра отырып аз-аздан құямыз. Осылайша екінші ыдысқа да қайталаймыз.

      Тәжірибенің нәтижесі: Спирттегі канифоль ерітіндісіне айдалған суды ыдысқа сыйғанша құйғанда ақ экранда жарқыраған ақ жолақ пайда болады. Қосқан канифольдің мөлшерінен, бұл жолақтың жарқырау қарқындылығын тура тәуелділікте болады. Екінші ыдысқа канифольдің спирттегі ерітіндісін қосқан кезде 1 экранда бірінші жолақтың жанынан екінші жарқырауық жолақ пайда болады. Канифолий ерітіндісін екінші ыдысқа экрандағы екі жолақтыңда жарықтану қарқындылығы бірдей болғанша қосамыз.

      1) Экран; 2) Қара қаптама (құндық); 3) Қаптамадағы терезе; 4) Қаптамадағы саңлау; 5) Желдеткіш саңылау; 6) Киношам; 7) Сәулелендіргіш түтік; 8) Қабырғалары жазық параллельді шыны ыдыстар

      7-сурет. Нефелометрия құбылысын демонстрациялауға арналған құрылғының сұлбасы

      Тәжірибенің түсіндірілуі: Суға канифольдің спирттегі ерітіндісін қосқан кезде жарықты жақсы шашырататын судағы канифольдің коллоидтық ерітіндісі түзіледі (еріткіш алмастыру әдісі). Сонымен бірге жарықтың сәулелену қарқындылығы түзілетін кірненің концентрациясына тура пропорционал болады. Шашыраған сәуле қапшықтағы ойылған тесік арқылы экранға жарық жолақ түрінде толығымен осы саңлаудың пішініне түседі.

      Ескерту: Бұл тәжірибені қараңғы жерде жүргізу керек.


Скачать книгу