Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.жауын төгіп-төгіп, шай қайнатым уақыт өтпей сап тыйылды. Нөсерлі қара бұлтты кенеттен көтерілген жырынды жел тым-тырақай қып, әп-сәтте жан-жаққа шашыратып жіберді. Аспан шайдай ашылды. Қапырық ауаны өткінші жел қуып әкетіп, мына әлемнің тынысы кеңіп қалған секілді. Жауыннан соң дүние қандай тамаша! Аспан да, жер де көкпеңбек. Тап-таза. Гүлденген жайсаң жер құлпыра түскен.
«Ғажап! Қандай көрікті еді мына өмір. Қаласы да, даласы да құлпырған. Адамдары қандай! Қадамдары қарышты. Аспанмен таласқан зәулім үйлері көзді топшысынан сүріндіреді». Ол айналасына тамсана қарап рақаттана езу тартты.
Бұл Октябрьдің жемісі. Біз секілді октябрь перзенттерінің игілігі. «Елу жылда ел жаңа» деген осы. Біз де жаңамыз. Жаннат жер де жаңа. Жасарған. Бәрі жаңа: көңіл де,өмір де!».
Шаңқай түс. Күннің ыстығы біліне бастады. Ғаббас Ніл шайғандай боп тазарған көгілжім көкке қарады.
«Шаңқай түс. Менің өмірімнің, Қазақстанымның шаңқай түсі. Бұл кемел шақ».
Оның кеудесін қуаныш кернеді. Шаңқан боз аспанға қарады. Бұлт жоқ. Дәл төбеде жарқырап мейірімді күн тұр. Кәдімгі күн, мейірімді жарқын күн…
5. Іңір
Ол шаршады. Қолы қарысып қалды. Көзі бұлдырады. Төсегіне кеп қисая кетті. Сол сәт өзінің Әубәкірі, Хамзасы, Ғаббасы, Әмина мен Сапары келіп, қолтығынан сүйеп тұрғандай сезінді. Біртүрлі бойы жеңілденіп, кеудесін шаттық қытықтады. «Айналайындарым, өмірімнің жалғасы!».
Ол жан-жағына қарады. Шам жанып тұр. Жап-жарық. Тал түстегі күн секілді. Мейірімді, шапағатты. Айналайын – деді ол, еміреніп.
АЙТУЛЫ ҚАЗАҚ
Әдетте, қайсыбір сүйегі борық, жаны жасық адамдар 80 түгіл алпыстан әзер асып, өңі арса-арса болып, аяғын қыбырлап әзер басатын мыжырайған шал болады да қалады ғой…
Ғабекеңнің нақ жетісінің өзінде ондайдан аулақ екенін өз көзіммен көріп ем.
Әне, сол жетпісінен бері де Ғабакең он жылды артқа тастапты. Мен сол аралықтың соңғы жеті-сегіз жылында онымен мүлде кезікпеген едім.
Мерейтойы болып жатқанын естігеннен әз ағаны көріп, сол қуанышымен құттықтаймын деп осы күндердің бірінде оның пәтеріне кештетіп телефон шалдым.
Байқаймын Ғабекең сол баяғы баз күйде, шамасы, тез-тез сөйлеп, саңғырлап тұр. Даусымды бірден танып: – Той кешіме неге келмедің?! – деп ағалық базынасын да айтып жатыр. Сол үні. Сол шапшаңдығы. «Қартайып қалыпты-ау!» – дегізетіндей үнінде қырылдың да, сырылдың да, күбіртектің де еш нышаны жоқ. Қайта: «Жас адам ауыра ма екен!? Таста, жоғалт көзін оның!» – деп өзімді қайрайды.
Неге екенін білмеймін, Ғабекең осы сөздерді айтқанда басыма: «Қайран тектілік! Қайран алтын ұя-ай!» – деген сөздер оралды. Сосын онымен өскен ортасы, ұшқан ұясы, әкесі, туғандары, өмірге алғашқы қадамы жайлы сөйлеп тұрып: «Ғабе, сіз, әскерге тау-кен