Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.(таңдай, оңтүстікте таңлай), тантал (көз), тектеліс (зерттеу), томтом (томар дәрі), төбетай (тақия, тебетей, батыста төбетей, оңтүстікте төбетай), тіккеуік (ине, тебен), тілкім (ұзын тілік, тілім, батыста тілкім), ұстамар (қол), үгілім (ұнтақ), үлбір (үлбірек, үлбіреуік, үлбіреген, нәзік, жұмсақ, моңғолша үлбэгер «үлбірек, үлбіреген»), шаншыма (біз), шаңғарақ (шаңырақ, оңтүстікте шаңғарақ), шегіршек (шеміршек), шижал (қалам), шижалама (жазу), іздемелік (іздеу, сұрау салу), іштек (ішек) және т.б.
Еңбекте – ғы, – ғі (-қы, – кі) тәрізді қимыл есім жұрнағы, сол арқылы етістіктен жасалған сөз тұлғалары өте жиі қолданылады. Бұл ерекшелік – көне түркі тіліне және қазақ тілінің оңтүстік диалектісіне айрықша тән құбылыс. (Аманжолов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері. Алматы: «Сөздік – Словарь», 2004. – 100-б). Мысалы: айықтырғы (ем, емдеу), асындырғы (асқындыру), басталғы (бастау), бет сүрткі (орамал), жабысқы (жабысу), жарғы (тараған, жарған), жарылғы (бөліну, жарылу), жегілік (жейтіндері), жөтелгі (жөтелу), жүрмек тосқылық (жол тосу), қақалғы (қақалу), суырғы шаққы (суырып шағу), төселгі (төсек), түскі (шаш түсу), ұмытқы (ұмытшақ), шабысқы (шабысу), шайнатқы (шайнайтын), шашалғы (шашалу), ішкізілгі (ішкізілу) және т.б.
Сонымен қатар мұнда етістік тұлғасына – малы, – мелі (-балы, – белі, – палы, – пелі) жұрнағы қосылып, кейде түрік тіліндегі – шаһ, – тегі жұрнағындай «міндеттілік рай» мағынасын білдіреді, көбінесе сын есімге айналады. Мысалы: атпалы (ату, оқ тигендей атпақ), болжамалы (болжау, болжауды өзек етпек), жасалмалы (жасалмақ, жасалуы тиіс), желдемелі (желдеу, жел есуі тиіс, желді), кеппелі (құрғамай тұрып, дым қалпында), қақпалы (қағу, жазымнан қағу), қақырамалы болғылар (улы, зиянды, батыста қақырау «жігі ашылу, жігі ажырау»), қоздамалы (қоздауы тиіс, «туылмалы қой»), нұрламалы (нұрландырғыш, нұр шашпақ), толықтырмалы (толықтырғыш, толықтырмақ), ұласпалы (ұласпақ, ұласқыш), шешілмелі (шешілмек), шоршымалы (қасат қар, тығыздалып қалған қатқыл қар, «жұрт жүргенде шоршығыш, шоршып секіргіш»), шошымалы (тез кеткен қар, «жұрт жүргенде шошымалы, шошығыш») және т.б.
Еңбекте кездесетін жан-жануар, аң-құс, жәндік атаулары: абадан (көкжал, арлан қасқыр, батыста абадан «қасқыр үйірінің басшысы»), андағай (бөкен бұқасы), бадырақ (үкі), бая (нар інгені, батыста бая «тентек, құсаған түйе»), бастармақ (серке), бекіре (мекіре балық, батыста бекіре, моңғолша бэхер), борбаң (суыр), борсаң (борсық), жалбаң-жалбаң (аю маймыл), жар (қос өркешті түйе), жылмаң (абжылан), жылпың (түлкі), жылтың (ақкіс, ақ тышқан), зерең (сарбас жылан), зып (атылмалы оқжылан, батыста зыпу қатты, жылдам жүру), зып-зып (оқжылан), зыпылдақ (қабылан), күркіреуік (арыстан), қандағай (бұлан бұқасы, моңғолша хандгай «бұлан»), қылтың (саркіс), қорғалағыш (балапан, батыста қорғалақ «қорғаншақ»), лыпылдақ (мәлін), өлекшін (қаншық қасқыр), сабаз (сауын сиыр), сылтың (күзен, сасық күзен), сыпсың (қарсақ), сыпылдақ (бөдене), тарбаң (бақа, көлбақа), тарпаң (жабайы жылқы), түккөрмес (мысық), шажан (шаян), шомпыма (балық), шырыншыл (бал арасы), ығыр (ілбіс, «ығыр ететін жыртқыш») және т.б.
Қазақтың мүшел есебінің жыл аттары бұл еңбекте ерекше берілген.