Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Аманжолов Алтай. Өнегелі өмір - Коллектив авторов


Скачать книгу
кезде өзімен қатарлас адамдардың басына күн туып тұрғанда да, әкем оларға қол ұшын беруге тырысты. Жақын достары жоламай жүрген кезде әкем М. Әуезовті ҚазПИ-ге шақырып, студенттермен кездесу өткізген. 1951 жылы Есмағамбет Ысмайыловқа «ұлтшыл» деп айып тағылып, тұтқынға алынып, ақыры 25 жылға айдалуға тиіс болды. Сот алдында Есағаңа өзін жақтайтын 15 куә шақыруға мүмкіндік беріледі. Е. Ысмайылов 15 адамның тізімін береді. Бірақ сот басталғанда сол шақырылғандардың ішінен әкем ғана барады. Ол батыл сөйлейді, Е. Ысмайыловқа тағылып отырған айыптың бәрі жала екенін айтады.

      Бірақ сол күй кейін әкемнің басына да орнады. Түрлі айыптар тағып, жиналыстарға салды, газеттерде әкемнің еңбегін жоққа шығарған материалдар көптеп басылды. Әкем сол жарияланымдардың бәріне дерлік жауап жазды. Бірақ ол кезде қарсы жауап басылатын ба еді?.. Ақыры, 1952 жылдың тамыз айында әкем Ғылым академиясындағы қызметінен босатылды. Оқу министрлігі қаулы қабылдап, «Аманжолов ҚазПИ-дегі қызметінен босатылып, Семейге жер аударылсын» деген шешім шығарады. Сонымен оқу министрлігі жазалаушы орынға айнала бастаған еді…

      1957 жылдың сәуір айында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кеңесі өтті. Сонда әкем шешіле сөз сөйлейді. Бүкіл зал тік тұрып қол соғады. «Қазақ мектептері жабылып жатыр, қазақ тілінің аясы тарылып барады. Орыс тілін білме демейміз, бірақ қазақ өз тілі мансұқтамауы керек қой» қазақ тілінің тағдырына алаңдаушылығын ащы айтады. Нұрымбек Жанділдин деген кісі сол жерде дереу қарсы сөйлеп, барлық пікірін жоққа шығармақ болады. Сәбит Мұқанов та сөз алып, әкемді қолдайды, қазақ тіліне араша түседі. Газет беттерінде бұл оқиға сөз болып, С. Мұқанов пен С. Аманжоловқа қарсы материалдар жарияланады. «Демагогия, даурықпа сөз, ұлтшылдық бағытта» деп ұрандайды. Сол жиынға «Правда» газетінің тілшісі де қатысқан екен, кейін мүлде бұрмаланған ақпар жариялайды. «Аманжолов пен Мұқанов біздің табыстарымыздың бәрін жоққа шығарып жатыр. Олар ескілікті қолдайды» деген рухта. Әкем оның бәрін терістеп, «Правдаға» үлкен хат жазды. Бірақ бұл хат та басылған жоқ. Осы хат орыс тілінде әкемнің «Қазақ тіл теориясының негіздері» (2002 ж.) атты жинағына енгізілді. Ал жиында сөйлеген сөзі «Асылымызды ардақтайық» деген тақырыппен тұңғыш рет 1989 жылы «Зерде» журналында жарияланды.

      1958 жылдың басында әкем аяқастынан көлемді инфаркт алып, қайтыс болды. Мұның бәрі сол жағдайлардан кейінгі әсерден болған деп ойлаймын.

Әңгімелескен Есей Жеңісұлы «Жас Алаш». – 2004. – 6 наурыз.

      ӨНЕГЕЛІ ӨМІР, НҰСҚАЛЫ ЖОЛ

      Ғылымды ғалымның өзінен және оның творчествосынан бөлуге болмайды. Бұл – ежелгі ақиқат. Оның тамаша мысалын, өнегелік жолын түркітану ғылымының қалыптасу жолындағы алғашқы сатыларынан-ақ байқай аламыз. Айталық, еліміздегі түркітану ғылымының қайнар көзінде небір үлкен тұлғалар болса, соның бірі – Василий Васильевич Радлов (1837-1918 жж.) сияқты теңіздей терең ойлы, ғұлама ғалым тұрды. Өйткені оның бір өзі кейбір тұтас институттың шамасы жете бермейтін істер атқарды.


Скачать книгу