Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.этнологиялы, археологиялық, антропологиялық жазба әдебиеттерге және т.б. ғылым жетістіктеріне негіздеп, шашамыз жеткенінше «Арийлер» мәселесіне жаңаша көзқарасымызды білдірдік. Әсіресе артефактілерді көп пайдалануға тырыстық. Өйткені ХХ ғасырда археологиялық зерттеулер тамаша жаңалық әкеліп, жалпы тарихтың кейбір мәселелерін қайта қарауға жағдай тудырды. Солардың бірі – «Арийлер мәселесі» – деп, бұл мәселенің тарихымыз үшін аса маңызды екенін көрсеткен (Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 243-б.).
Шыңғысхан жөніндегі еңбегінде профессор Уахит Хамзаұлы Шәлекенов ұлы қолбасшының өмірі мен атқарған ісіне жан-жақты тоқтала келіп, өткен тарихи оқиғаларды, олар туралы жазылған әртүрлі пікірлерді ой елегінен өткізе отырып, Шыңғысханды моңғол және түрік этностарын біріктіруші, жасампаз тұлға ретінде бағалауымыз керек деген тұжырым жасаған.
Профессор Уахит Хамзаұлы Шәлекенов өзінің бүкіл саналы ғұмырында түрік халықтарының тарихын, этнологиясын, археологиясын зерттеп келе жатқан ғалым, білікті маман, ұлағатты ұстаз. Оның төл тарихымызды зерттеуге деген құштарлығы, ізденгіштігі, еңбексүйгіштігі шәкірттеріне үлгі-өнеге.
Уахит Хамзаұлы Шәлекеновтің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде атқарған ғылыми, оқу-тәрбиелік жұмыстары мемлекетіміз тарапынан жоғары бағаланып оған 1984 жылы «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері», 2000 жылы «Университеттің құрметті кафедра меңгерушісі» атақтары берілді.
МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ
Қолтаңба
Хамза Шәлекеновтің апасы Бағила Шәлекенова
Қабира Хамзақызы Шәлекенова – апасы. 1940 ж.
У.Х. Шәлекенов, Ғ.Х. Мұхамбетов. 1939 ж.
Совет армиясының кіші лейтенанты. 1942 ж.
Совет армиясының кіші лейтенанты. 1942 ж. У.Х. Шәлекенов Бішкек (Фрунзе) госпиталында. 1943 ж.
Студент У.Х. Шәлекенов. 1947 ж.
У.Х. Шәлекенов тарих ғылымдарының кандидаты. 1953 ж.
Аспирантурада бірге оқыған достары, белгілі ғалымдар С. Ахметов және М. Нұрмұхамбетовпен. Мәскеу, 1954 ж.