Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.құбырлар шахристанның үстімен батыстан шығыс цитадельге қарай тартылған басты су жүйесі болып табылады. Осы су жүйесі цитадельге, шахристанға ауыз су әкелген. Шахристанның батыс шетінде су жинайтын шұңқыр бар. Бұл шұңқырға суды жоғарыдағы Дода тоғанына кіші арықтар арқылы әкелген. Осы жерден екі шұңқыр табылды. Олардың көлемі: 2000-2500 шаршы метр; 500-600 шаршы метр. Цитадельге баратын негізгі орталық су құбырлары суды бірінші үлкен шұңқырдан алған. Бұл әуіз суды жоғарыдағы Дода тоғанына 2025 м ұзындықтағы кіші су жуйесімен келген су әуізді толтырған, сосын тұндырылған. Одан кейін су құбырлары арқылы аққан.
Әуіздің оңтүстік шетіне цитадельге баратын құбыры орнатылып, оны әуіздегі суға жеткізіп, құбырдың шетін цемент сияқты қатып қалған сазбен сылаған, құбырдың шеткі аузын ашып-жабатындай етіп жасаған.
Осы жерден орталық құбырларға, цитадельге қарай өз екпінімен су жүретін болған. Әуізден шығысқа қарай жүргенде үлкен қоныстың орны болған биік төбе бар. Оның көлемі өте үлкен. Шамамен, 2-3 гектар жерді алып жатыр. 1968 жылы құрылысшылар Ақсу қоймасын саларда осы төбені ортасынан қақ жарып, канал қазған да бұл қонысты бульдозермен қиратып жіберген. Сол кезде осы қоныстың үстімен цитадельге тартылған құбырларды да бұзған. Соған қарағанда бұл қоныс қаланы билеушілердің орталық су жүйесін басқарған сенімді мұрабының қонысына ұқсайды. Бульдозердің қазған жерінен шашылып қалған қарахан дәуірінің теңгелері және әртүрлі бұйымдар табылды. Үзілген су құбырларының ұштары каналдың ішінде көрініп жатыр. Шығысқа, яғни цитадельге қарай жер астындағы су құбырларын қуалап қазғанда, мынадай жағдайларды байқадық: су құбырларын жердің астына салу үшін өте шеберлікпен, су өзінің екпінімен жүруге қолайластырып жерді қазған. Оның бас жағы 0,8 м тереңдікте болса, қашықтаған сайын канал ылдилай берген. Ашылған орталық су құбырларының ұзындығы 500 м болды. Осы қашықтықта салынған құбырлардың ылдилап баруын тексергенде, 100 м қашықтаған сайын 1 метрден ылдилай берген [9]. Яғни, су құбырларын салғанда ерте заманнан-ақ Орталық Азия жерлерінде жерасты жүргізілген су құбырларын құраудағы тәжірибені кең пайдаланып, инженерлік негізде жұмыс атқарылғанын байқау қиын емес.
Бұл су жүйелері қарахандар дәуірінде 3-4 қатар етіп салынған. Су жүретін қыш құбырлардың әрқайсысының ұзындығы 50-60 см; оның бір жағы кеңірек, екінші жағы тарлау. Кеңірек шеті 16- 20,5 см болса, тар жағы 10-15 см. Құбырының кеңірек шетіне тарлау жағын кигізіп, бір-бірімен жалғастырып, екі құбырдың байланысқан жерін сарғыш түсті балшықпен дәнекерлеген. Су құбырларын ашқанда, бірнеше рет қирап, жөнделгендігі байқалды. Мұны кездейсоқ жағдай деп қарауға болмайды. Себебі екі шеткі су құбырларының күшпен қирағаны көрініп тұр. Олай болса, орта ғасырда да бұл үлкен қала талай рет феодалдық өзара қақтығыстар кезінде қолдан-қолға өтіп тұрған. Ол заманда қалаға келген жау алдымен жердің үстіндегі, астындағы су жуйелерін істен шығаруға ұмтылған. Осындай кезде орталық жерасты су жүйелерін қиратып, кейін қайтадан жөндеген болуы