Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33 - Коллектив авторов


Скачать книгу
Тольхиз (Талғар) және тұрақты мекендер жеткілікті болған. Енді Ұлы Жібек жолын зерттеуші археологтардың сөзін келтірейік:

      «Трасса проходила через города в предгоръях Заилийского Алатау, находившиеся на месте Кетека, Каскелена и Алмататы, и достигала города Тольхиз (Тольхира), который был расположен на северной окрайне нынешного города Талгара» [1]. Келтірілген дерек орта ғасырда Алматы Ұлы Жібек жолындағы белгілі қалалардың бірі екенін айғақтайды.

      Петр I: «Қазақстан шығысқа баратын қажет қақпа» деген болса, сол қақпаны ашып, оның төріне шығу Ресей империясына оңайға түспеді. Қазақ жерін тікелей әскер шығарып, шауып ала алмайтындықтарына көздері жетіп, Ресей Орал, Солтүстік бағыттарына бекіністер орнатып, сол қорғандар арқылы Қазақстанды отарлап, жылжи келе берді. 1731 жылы Кіші жүздің ханы Әбылқайырдың Ресейге бодан болғанына, 1854 жылы Ресейдің отаршылары Жетісу өңірін, Іле бойындағы Алматыны иеленгеніне 123 жыл болды. Орыс әскерлері Алматыға жайғасып, әдеттегідей әскери бекініс салып, оны «Верный» деп атады. Осы кезде орыс әскерінде қызмет атқарған, қазақтың атақты ғалымы Ш.Ш. Уәлиханов Жетісу өңіріне талай келген, бұл жердегі қалаларда, сондай-ақ Алматыда да талай болған. Ш. Уәлихановтың сөзін сол күйінде берейік: «Города Алмалық (ныне Туркестанское селение), Ханакай и Койбулак (существующйй и теперъ у Алматы (где ныне укрепление Верное) были известны по всей торговле и служили станциями на большой дороге, по которой ходили гену- эзские купцы в Китай и Кипчакские послы к великому хану» [2].

      Келтірілген үзіндіде автор Іле өңірінде Ұлы Жібек жолының бойында керуендер тоқтайтын ірі қалалардың болғандығын, соның ішінде Алматы қаласы сол уақыттың өзінде белгілі қала екенін, оның шетелдерден келген саудагерлердің, дипломаттардың тоқтайтын мәдени орталықтарының бірі екенін баяндайды. Бұл қалаларды Ш.Ш. Уәлихановтың зерттегені турасында мағлұмат бар: «Особенно плодотворными в научном отношении были для Ч. Валиханова 1856-1858 гг. В Семиреченском крае он изучал древние городища Алматы, Койлык, Алмалық, собрал коллекции древних манет, делал зарисовки с натуры Тамгалытас (на р. Или), наскальных рисунков в горах Чулактау и возле Джунгарских Ворот, каменных извояний на северном берегу Иссык-кулья и на р. Аягуз» [3].

      Алматы қаласының Верныймен ешбір қатысы жоқ. Верный – Қазақстан жеріне салынған көп бекіністердің бірі. Отаршылар өздерінің басып алған жерлерінің топонимикасын өзгертуге құмар келеді. Олар Алматыға жайласып, бекініс салып, оған Верный деген ат беріп, кейін көп ұзамай Алматыны өзгертіп, оны бекіністің атымен 67 жыл бойына атап келді. Бұндай отаршылдық саясатты қолдаушылар, теріс пікірдегілер Алматы қаласын бүткілдей тарихтан алып тастап, оған отаршылардың қойған атауын мәңгі қалдырғылары келеді. Осындай теріс пікірдегі адамдар бұрын да болған, Верный туралы мақалалар жазылып, керек десеңіз, диссертациялар да қорғалған. Ә. Қайдардың біз назарға тұтып отырған мақаласында, Алматы өзінің төл атынан бүткілдей айырылып, оны отаршылардың қойған «Верный» атымен атауды көксеушілердің


Скачать книгу