ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ. Алтыншаш Курманаева

Читать онлайн книгу.

ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ - Алтыншаш Курманаева


Скачать книгу
қасын бұртита:

      – Балалар, сендер неге күліп отырсыңдар? – деп Самиян мен Райланға қарап айтты.

      – Неге? – деді Самиян.

      – Негесі қалай? Барлығы қорқып, жүректерін ұстап отырғанда сен күліп, көңілді отырсың. – деді Қалтарыс.

      – Жоқ. Мен сізден оның жаны неге солып қалғандығын сұрап отырмын. – деді Самиян.

      – Еее, жаны солмағанда. Олар өмірден озған адамдардың жаны емес пе? Ал оған тірі адамның жаны керек. Алайда тірі адамның жаны бірдей Ахроматқа келе бермейді. Қорқақ, сараң, ақымақ адамның жаны бір сикундта өшіп, солып қалады. Міне, сол себептен, Ахромат жыл сайын жан іздеуге мәжбүр. Әдетте, қаракүш иесі Ахроматты кішкентай баланың жаны қызықтырады. Өйткені, олар қаніпезердің бойында ұзақ ғасыр бойы сақталады. – деді қарт Қалтарыс соңғы сөйлемге әдейі екпін қоя.

      Залда отырған балалар селк ете қалды. Ал Самиян сол баяғы қалпы еш қимылсыз отыр. Кішкентай бүлдіршіннің бойынан бір де бір қорқыныш дірілін байқамаған қарт Қалтарыс ойға шомылуда. Бір кезде есік тарс ашылып, ішінен бойшаң, шыбықтай арық, шашы қою қара әрі үнемі бір жерге жиынқы, суық жүзді, өткір көзді, ақсары өңді, сұлу, үстіне алжапқышы бар күлгін көйлек киген, қолында кір салынған легені бар, Ойсана атты жасы жиырма үштер шамасындағы бойжеткен кіріп келді. Ойсана Қалтарыс үйіні аптасына бір рет бөлме жинауға келетін, Асма Флордың туған емес, аралас қанды, сиқыршы әпкесі.

      ______________________________________________________________________

      2 Асма Флор – ата-анадан жалғыз болып дүниеге келген, таза адами қанды ұрпақ. Асманың ата-әжесі де бір ғана баламен шектелген. Және олардың сиқыршы түсінігіне еш қатысы болмаған. Олар – адамдар. Асма Флор да адам. Осыдан сіздер Асма Флор қалай сиқыршы атанып жүр деулеріңіз мүмкін. Сұрақтарыңыз орынды. Ойсананың анасы таза қанды сиқыршы, ал әкесі таза қанды адам болған. Және де Ойсананың әкесі Асма Флормен бір мекемеде жұмыс істеген. Міне, содан, Ойсананың ата-анасы Асманың туылған күніне сиқыршылық қасиетті сыйға тартқан. Ойсананың ата-анасы көлік апатынан қайтыс болған соң, Асма Флордың ата-анасы оны асырап алады. Ойсана да ата-әкеден Асма секілді жалғыз ұрпақ. Оның не туысы, не бауыры жоқ. Дегенмен, оның ата-анасын танитын Сиқыршылар әлемінде достары бар…

      _______________________________________________________________________

      Ойсана кірлерді киімжайғышқа іліп:

      – Атай, сіз тағы да балаларға жан туралы әңгіме айттып отырсыз ба? —деді.

      – Енді мен… Мен… – деп Қалтарыс үстелде тұрған суды жұтынап қойды.

      – Ай, ұялмайсыз ба!? – деп Ойсана басын шайқап, кірді киімжайғышқа бір-бірдеп іле бастады.

      – Айтпақшы, Райлан, Самиян, сендер неге күлдіңдер? – деді Қалтарыс сөзді бұрып.

      – Енді… Енді… – деп Райлан Фаизға қарағанда, Фаиз оған ашулы жүзбен қарап:

      – Менің қорыққанымды мазақ еткен шығарсыңдар! – деп дүрсе қоя берді. Кенет Самиян:

      – Ата, анау не? – деп терезеден бірденені көргендей, саусағын сол жаққа қарай нұсқаумен болды. Барлығы тегіс Самиян айтқан жаққа сескенген


Скачать книгу