ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ. Алтыншаш Курманаева

Читать онлайн книгу.

ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ - Алтыншаш Курманаева


Скачать книгу
деді Ойсана.

      Қалтарыс Ойсананың айтқанын тыңдап, балалармен балконы бар бөлмеге келді. Ол Самиянның мойнына бойтұмар тақты да:

      – Балам, кезінде дәл осы сәтте мен сендей мойнында айдаһардың нышаны бар бір ерекше балаға жан туралы әңгіме айттып отыратынмын. Сол кезде мен аса құбылыстарға сене бермеуші едім. Оның атын атасам, ол келмейді ғой деп ойлайтынмын. Қателескен екенмін, ол бұл жолы да келді… Әлгі баланы аман сақтап қалу мақсатында мен оны сиқыршылар мектебіне көзінен жас көлдей аққанына қарамастан жібердім. Тарих қайталануда… Міне, енді үш бірдей немерем менен алшақ кетейін деп отыр… – деп өкісіп жылаған Қалтарыс қайта сөзге келіп. – Енді қандай жағдай болмасын, мықты болуға сөз беріндер! Сендер сиқыршысыңдар! – деді Қалтарыс Самиянның иығынан мықтап ұстап.

      – Сөз беремін! – деді Самиян көзінен жасын шығармауға тырысып.

      – Сөз береміз! – деді Райлан мен Файз.

      – Ал енді мына таяқшаны үшеуін ұстаңдар! – деді Қалтарыс.

      Үшеуі атасы айтқандай таяқшаны үш жақтан ұстады. Бір кезде үлкен сәулелі жарқыл пайда болды. Әрі қалай не болғаны есімді жоқ. Алайда менің білетінім үш баланың аман қалуында…

      2. Жаңа қоныс

      Кенеттен пайда болған көк сәуленің дауылына іліккен үш бала, бір-бірінің есімін шыңғыра атап, белгісіз жаққа кетті. Абырой болғанда, Фаиз бен Райлан бір жерге тұрақтанды. Ол – Шамшырақтар отбасысы. Шамшырақтар отбасысының үйінің баубақшасының жанына, яғни, мамық жасыл кілемдей шөп үстіне ес-түссіз құлаған екі баланы Бойдақ атты ақ ұлпа қардай ит байқамағанда, әлгі екі бала сол күйі таң атқанша жата берер ме еді? Кім біледі… Төбеттің арсылынан бірнәрсе ұққандай, дереу дастархан үстіндегі күлкіні доғаруды бұйырған, шашы апельсин қабығындай қызылсары және ұзын, түрі арыстандай сұсты, кең жауырынды, арықша, көзіне сымы ұзын көзілдірік таққан, жұртқа іс-әрекеттің адамы ретінде танылған, шапшаң сөйлейтін Каспий есімді қарт кісі орнынан атып тұрып, кішкентай терезенің пердесін түріп қарады да, далаға жүгіріп шықты. Дастархан үстінде қолына шанышқы ұстап отырған, шашы тура атасы сияқты қызылсары болғанымен де бұйра, жылы жүзді, арық, бетінде қара дақтары басым, көк көзді, жомарт мінезді, Жан есімді, жасы жиырма төрттер аралығында жас, сымбатты жігіт әйелі мен екі қызына қарады да, орынан түрегеліп, далаға қарай тартты. Артынан екі қызы мен әйелі де жүгіре жөнелді.

      Мамық жасыл кілемдей шөптер үстінде тәтті ұйқыда жатқандай, екі бала өздерінің не тірі, не өлі екенін сездіртпейді. Балалардың жанына келіп отырған қарт Каспий екі баланың мандайын сипап, қалтасынан сиқырлы таяқшаны шығармақ болғанда, келіні 4 :

      – Жоқ! – деді.

      ________________________________________________________________________

      4 Келіні – шашы мойнына дейін төгілген, қою қоңыр әрі бұйра, беті таза, кең жазық маңдайлы, көзі үлкендеу, бірақ сүйкімді, қасы жіңішке, өзі ақсары, бойшаң, денесі тал шыбықтай арық, қолынан жасыл тамырлары, күлгенде тісі жарқырап көрінетін, пысықай, зерек, өте ақылды, сезімтал, біреуге көмектесуден тайынбайтын, жүзінен күлкісі кетпейтін, харизмасы мықты, үстінде күлгіндеу көйлекше мен ұзын қатты матадан тігілген шалбары бар,


Скачать книгу