Барби Бану. Ғани Бейсен Қаламгер

Читать онлайн книгу.

Барби Бану - Ғани Бейсен Қаламгер


Скачать книгу
әп – сәтте рентгенге түсірді. Сонан соң кеп отчёт берді.

      – Сынған да шыққан да емес, тек тізедегі етке аздап зақым келген. Қорқатындай ештеңе жоқ. Қаласаңыз ертең де әкеліңіз сіздің қарындасыңыз үшін бәріне дайынбыз деп қол қусырып шығарып салды. Мұны көргенде Банудан ес кетті. Айтқандай "дядка" дегенің осылар болса керек деп топшылады. Қысқасы сол күні ақ ағасымен номер алмасты. Осылайша ойда жоқта басына бақ қонды. Өйткені сол емханаға ертесіне де барды. Әрине бейтаныс ағасы апарды. Онан шығып қымбат рестораннан тамақ жеді. Ал арадан апта өткенде дядкасының құшағында түнеді. Сол түннен бастап бәрі де өзгерді. Бәрі өз орнына келгендей болды. Сонан кездесу жиіледі. Ыстық құшақтар айқара ашылып қайта жабылды. Сүйісіп жатып сырласу басталды.

      – Ұнайсың жаным дейді ағасы көзін қадап.

      – Сізде ұнайсыз дейді қарындасы қиылып. Осылайша сөйлесе келе жаңа жылға Астанада қалатын боп келісті. Бұл енді Банудың алғашқы дядкасы болды. Сөйтіп, жүріп екінші курсты ойдағыдай аяқтады. Өйткені барлық мәселені осы дядкасы арқылы шешіп отырды. Қысқасы қалтасы томпайып шыға келді. Қалалық қыз боп қатарға қосылды. Қымбат киімнен бастап жүргізуші куәлігіне дейін әперді. Тіпті он күнге шет елге жүр деп ұсыныс жасап үлгірді. Бірақ келесі оқу жылынан бастап басы салбырап тағы да жалғыз қалды. Себебі дипломат дядкасы шет ел асты. Жұмысы жоғарылап Монголияға кетті.

      4 – бөлім

      Ағасымен бірге Банудың да күйі кетті. Өйткені бұрынғыдай арқа сүйер адамы жоқ, жалғыз қалған. Оның үстіне жақын құрбысы Сәуле де өз теңін тапқалы қашан. Теңі деп теңі емес өзінен әлдеқайда үлкен жігіт. Бақандай 14 жасқа үлкен. Бірақ жұптары жарасып жүр. Жағдайы да біршама жақсарып қалған. Тек оқуымды күтіп жүрмін дейді. Алла қалап осы Универді тәмамдаса, екеуі отау тігуге дайын. Ал Әселдің кеткені қашан, сабақта көргені болмаса оның өмірі де бір арнаға түсіп алған. Тіпті астындағы қымбат көлікті, өзі жүргізетін дәрежеге жеткен. Бануға болса әлі екі жыл бар. Универді бітірем дегенше жалғыз қалуға болмайды. Оның үстіне тез арада қалталы жігіт таппаса өз тобындағы шибөрілерге жем болары анық. Өйткені қымбат киім киіп, қымбат косметика қолданып жүрген Бану қазір сұлулана түскен. Сұлулық дегенің көздің құрты ғой өткенде кеткенде сөз салып тиісіп қалатын боп жүр. Тіпті соңғы кездерде бұл қыз жәй ғана Бану емес Барби Бану деген атқа ие болған. Бұл сөзге сырттай қарсылық жасап менің басқалардан артық жерім жоқ қой дегені болмаса іштей қуанышында шек жоқ. Міне, тап қазір де Бану отырған скамейкаға қипақтай басып екі жігіт жақындап, тиісе бастады.

      – Қарындас, танысып қоймадық па?! Атым Нұрсұлтан,– деп қолын созды ұзын бойлы жігіт.

      – Менің атым Бану, – деп орнынан тұрды біздің қыз. Сөйлегендері таза қазақша демек өзім сияқты алыс провинциядан келген жігіт деп топшылады. Қысқасы осы жігітпен сөзі жараса кетті. Сұраса келе ойынан жаңылмағаны белгілі болды. Бұл да ауылда туып ауылда өскен жігіт екен. Өзімен түйдей құрдас, сөзге тым шебер.


Скачать книгу