Барби Бану. Ғани Бейсен Қаламгер
Читать онлайн книгу.болғаны жақсы, барам деген жерге барып, келем десең келесің. Әрі мына кәрі қақпастан да аулақ жүрермін деп ойлаған. Оның үстіне қалтасында дипломат ағасы әперген көлік жүргізу куәлігі бар. Ол ағасы әперерме еді кім білсін, жұмысы ауысып шет ел асқан соң ол жайлы жақ ашпаған. Ал мынаусы бір жүрген қыртубай болды. Қолынан түк келмесе де шақырса болды жетіп баруың керек. Тіпті сабақтан шығар шықпас қоңыраулатып пәтерге жеткенше есіңді шығаратыны бар. Өзі бір жүрген бізтұмсық бастықсымақ. Тек ақшасы бар демесең шәңкілдеген шегірткенің айғыры сияқты біреу. Сосын төсекке де тартымы жоқ. Жаным, күнім деп бұтыңнан басын алмайтыны болмаса бұйымтайы да өзіне ұқсаған басын көтере алмайтын бейшара. Сол үшінде зіркілдеген мына сұмырайдан енді тез арада құтылу керек. Қой құрсын, ақшасы да басқасы да өзіне. Көлік әперем деген уәдесінде тұрмаса да тұрмысқа шығам десең босатамын, қалған өміріңе араласпаймын деген уәдесінде тұрса болды, ертең ақ бұл пәтерден кетемін деп өзінше тон пішкен Бану дядкасына қоңырау соғып:
– Пәтерге қашан келесіз, екеумізге сөйлесу керек еді, – деп күмілжіді. Алайда арғы жақтан жеткен дауыс қызға жекіп тастады.
– Айттым ғой жұыстарыммен жүрмін деп. Бізде комиссия бар, министерстводан комиссия кеп жатыр. Қолым босағанда өзім барамын, жарылып кетпессің қоя тұр деп тұтқаны тастай салды. Осылайша торға түскен торғайдың күнін кешкен Барби қыздың тағдыры қиындай түсті.
5 – бөлім
Мұраттан қанша құтылуға тырысқанымен Банудың дегені бола қоймады. Қайда барса да әккі шал жас қыздың соңынан қалмады. Кейде тіпті тұтқаны көтермесе Универ алдына іздеп келетінді шығарды. Бұл дегенің жас қыз үшін барып тұрған масқара, шалдың көлігін көргеннен межелі жерге қарап кеткеннен басқа амалы жоқ. Өйткені қыз қызығына құныққан шал әй шәйға қарамайтын түрі бар. Басқа жаққа бас бұрса қайтта қайт деп айқай салуға дайын. Ал мұны группаластары көрсе масқараның масқарасы сонда болмақ. Онсызда гу – гулеген өсекке ілінгені бар. Бірақ Бану қыз өсек үшін қайғырмайды. Өйткені ауыл алыс, жер шалғай. Бұл қалада туғаны да туысқаны да тіпті ауылдасы да жоқ. Оның үстіне дядкалап жүрген жалғыз бұл ғана емес. Ондай қыздар бұл Универде жетерлік. Осылайша шайпау қыз шатақ шалдың ермегіне айналды. Бірақ ойнақтап жүріп шалыс басқан аяғын қайта жинауға енді кеш еді. Ал күндер болса зулап өтіп жатты. Соңында шатақ шалдың ыңқыл қыңқылы көбейді. Арадан көп өтпей емханаға түсіп ай жатып соңында шет ел асты. Сондағана Банудың басына бостандық тиді. Алайда ақшаға құныққан қызға бұлда сабақ болмады. Өйткені қымбат пәтерден жатақханаға қайта келуге ұялды. Оның үстіне жатақханада оқуға жаңадан түскендер тұрады. Ал үшінші курсты аяқтауға аз қалған Бану олармен бірге тұруды өзіне ұят деп санады. Сөйтіп жүріп тағы да бір имансыздың құрығына ілінді. Бірақ бұл кезде Бануда біразды көріп білген әккі қызға айналған еді. Сонан болар о бастан ақ бұл еркекпен күйеуім бар деп танысты. Сөйте тұра ойланайын уақыт бер деп үмітінде үздірмеді. Ал онан басқа жолы да жоқ