Қолданбалы химия. Роза Рыскалиева
Читать онлайн книгу.Мысалы, Калифорнияда жалпы қуаты 1500 МВт болатын 17 мың жел турбинасы бар ЖЭС жарты АЭС ауыстырады. Мұндай құрылғының бағасы ватт қа есептегенде 1,25$ құраса, ал ЖЭС және АЭС үшін шығындар 3 және 5$ құрайды.
Қоршаған ортаға ЖЭС кері әсері төмендегідей:
1. Ондаған мың жел дөңгелектері мен мұнараларын дайындау үшін алюминий немесе әйнек пластиктері өндірісін арттыру қажет, ал бұл өте лас өндіріске жатады;
2. Қуаттылығы 250 кВт болатын бір құрылғының жұмысынан күші 50-80дБ болатын шу шығады;
3. Жел дөңгелектерінен қауіпті инфрадыбысты толқындар шығады, ол ағзаға кері әсер тигізеді, ЖЭС орналасқан және оған жақын аймақтарда адамдар мен жануарлардың өміріне қауіп төнеді;
4. Күшті радиокедергілер туындайды;
5. Ұшып келетін құстардың қозғалыс траекториясы бұзылады, құстардың дәстүрлі мекені жойылады;
6. Жел энергиясын кең көлемде пайдалануға байланысты оның жайылуы мүмкін; «жел тармақтары» өзгереді, яғни ЖЭС салынған жерде ғана емес, сонымен қатар одан алыс жатқан жақтарда да климаттық тепе-теңдіктің, ылғал мен жылудың тасымалдануының бұзылуы мүмкін;
7. Желдік құрылғыларды орналастыруға үлкен аймақ қажет болады.
Жел энергиясын пайдаланудың қиыншылығы оның күші жағынан да, бағыты жағынан да тұрақсыздығында болып табылады.
ГЕОТЕРМАЛДІ ЭНЕРГЕТИКА. Жер қыртысында табиғи радиоактивті заттардың ыдырауы нәтижесінде тұрақты түрде энергияның босауы жүреді. Сондықтан біздің планетамыздың ішкі бөлігі балқыған таулы жыныс болып табылады, ол уақыт өте келе сыртқа қарай вулкан атқылауы түрінде шығады. Жер қыртысының жылуы сондықтан да геотермалді энергия деп аталады. Ол мәңгілік, әрі таусылмайды. Геотермалді энергияны ыстық таулы жыныстар жер асты суларымен жанасқан жерлерде де пайдаланылуы мүмкін. Буды өте қызған сулы деңгейжиектен ұңғыма бұрғылау арқылы өндіруге болады және оның көмегімен турбогенераторларды қозғалысқа келтіруге болады. 90 жылдардың аяғына таман геотермалді энергиямен жұмыс істейтін құрылғылардың жалпы қуаты шамамен 5000 МВт құрады. Жалпы алғанда, геожылуэлектр станциялары (ГЕОЖЭС) әлемнің электр станцияларының жалпы қуатының шамамен 0,1 % өндіреді.
Геотермалді энергияны кең көлемде қолдану барысында біршама қиындықтар туындайды. Жер бетіне шығарылатын ыстық бу мен судың құрамында көптеген тұздар мен ластаушы заттар, оның ішінде күкірт қосылыстарының жоғары концентрациясы болады. Бұл қоспалар құбырлар мен басқа да құрал-жабдықтардың тез жемірілуіне әкеледі, ал соңында қоршаған ортаға түскенде ауа мен суды ластайды. Суды айдағанда микро жер сілкіністері орын алады. Жуырда ғана геожылуэлектр станцияларының жылу станцияларына қарағанда радиоактивті радон мен оның ыдырау өнімдеріне байланысты неғұрлым радиоактивті екені анықталды.
Барлық белгілі радиация көздерінің ішінен радон ең қауіпті болып есептелінеді. Тұрғындардың жердегі радиация көздерінен алатын жылдық сәулелену