Өнімділікті басқару. Сейсембай Жұмамбаев

Читать онлайн книгу.

Өнімділікті басқару - Сейсембай Жұмамбаев


Скачать книгу
сауданы өркендетті, елдердің экономикалық қауымдастықтары құрыла бастады. Бұл баға бойынша бәсекелестікті күшейтті, нәтижесінде бүтін салалар төменгі жалақысы бар елдерге ауыса бастады. Тұтынушылар әр елде шыққан тауарларды бағасына қарап таңдайтын болды. Сонымен тиімділікке деген көзқарас түбегейлі өзгерді. Тұтынушылар ағынының өсуі нарықтың жаңа талаптарын қалыптастыра бастайды, енді тауардың сапасына тұтынушылар үлкен сынмен қарайтын болды. Дәл сол кезде жапондық өндіріс бірінші болып өнім сапасына стратегиялық акцент жасады. Оған итерген тек тұтынушының жоғары сапалы тауарды сатып алу мүмкіншілігінде ғана емес, сапасыз тауардың, қорытындап келгенде, қымбатқа түсетінін саналы түрде білу болды: сапаны жақсарту тиімділікті жоғарылатудың жолы екені танылды. Компаниялар енді баға мен сапа саласында бәсекелесуге мәжбүр болды. Сапа фирманың өнімділігін күшейтті, өйткені сапасыз өнім тікелей шығынға ұшыратып, фирманы жаман атаққа ие болдыртты.

      ХХ ғасырдың 70-жылдарының аяғында бәсекелестік күрес бағыты тағы да өзгерді, нарық «өндіруші нарығынан» «тұтынушы нарығына» айналады. Іштей ол уақыт факторының қысымына түседі: жаңа тауарлар нарыққа қысқа мерзімде шығарылуы керек, ол үшін ғылыми-өндірістік циклының әр кезеңін қысқартуға әрекет жасау керек. Сонымен қазіргі жағдайда бәсекелестік бір уақытта баға, сапа мен өнім ассортименті бойынша болуда, тауар басқа тауарлардан өзгеше және тұтынушының жеке талғамын ескеруі керек. Тиісті ішкі сипаттары «инновациялық қабілеттері» деп аталынады. Уақыт қысымымен жаңару қабілеті нарықтың тиімділік, сапа және икемділік бойынша талаптарының кеңеуі болып келеді, ал барлығы бірігіп ұйымдағы бизнес-үдерістердің өнімділігін өсіреді.

      1. ӨНІМДІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

      1.1. Тиімділікті белгілейтін факторлардың болмысына көзқарастардың дамуы

      Тиімді өндірісті ұйымдастыру, жоғары еңбек өнімділігіне жету, ресурстарды ұтымды пайдалану, уақытты үнемдеу туралы ойлар ғылыми басқару мектебімен байланысты. Оның өкілдері – Ф.У. Тейлор, Ф. және Л. Гилбрет, Г.Гантт – бақылау, өлшеу, логика мен анализді қолданып қол жұмысының көптеген операцияларын жетілдіріп, сөйтіп тиімді басқаруға жетуге болады деп ұйғарған. Ф.У. Тейлор өзінің атақты еңбегінде «басқарудың басты міндеті» кәсіпорнында жұмыс істейтін әр қызметкердің максимал әл ауқаттылығын қоса отырып кәсіпкер үшін максимал пайда қамтамасыз ету деп айтқан. Мұндай әсерге адамдар мен машиналардың ең жоғарғы мүмкін өнімділіктерінің нәтижесінде қол жетеді. Тейлор ұсынған өндірісте еңбек пен қатынастарды ұтымды жасау шын мәнінде ғылыми бетбұрыс, ұйымдастыру мен басқаруды түпкілікті өзгертуге мүмкіндік берді, өндіріс тиімділігін елеулі көтерді.

      Осы уақытқа дейін Тейлор ойлары мен әдістері көптеген кәсіпорындарында қолданады. Тейлор ойларының басқару ғылымы мен өндірісті ұтымды ұйымдастыру үшін өзінің маңыздылығын жоғалтпағанын көптеген заманауи ғалымдар айтады. Мысалы, П.Друкер былай деп жазады: «басқару ғылымдары, операциялық зерттеулер,


Скачать книгу