Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Читать онлайн книгу.

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
аялдамада да қағаз жазып отыр. Сен ақша керек болып қалғанда болмаса, «қол тимейді» деп, амандығыңды да білдірмейсің. Бәрінен де бұрын салған ақшаны алған-алмағаныңды біле алмай дал боламыз…

      – Әке, сол салған ақшаң өзіңе қайтып бармады-ақ, мені аман екен деп санай бер, – дейді баласы.

      Әке басын шайқап: «Әкенің көңілі балада, баланың көңілі далада» деген осы екен-ау, – дейді.

      ӘКЕҢ ӨЛСЕ ДЕ, ӘКЕҢНІҢ КӨЗІН КӨРГЕН ӨЛМЕСІН

      Ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олар айта қалғандай дәулетті, малды екен. Ал, Жәнібек деген жалғыз ұлдары шөп басын сындырмаған кер жалқау болыпты. Әке сөзіне көңіл аспапты. Әкесінің қартайғанын да елемей, осы дүниеге ие болып қал деген сөзіне де көңіл қоймай жүре беріпті.

      Күндер өтеді. Шал пен кемпір дүние салады. Олардан қалған мал-дүние біткеннен кейін Жәнібек жыртық шапанын иығына салып, жолға шығады. Жұмыс таппай көп қиналады. Сөйтіп жүргенде бір кісіге кез болады. Сұраса келе, ол әкесінің көз танысы екен. Ол Жәнібекке көп көмек көрсетеді. Оның ат жалын тартып, азамат болуына жәрдем етеді.

      «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген ескі қағида содан қалса керек.

      «ӘЛӘУЛӘЙІМ» ТАУСЫЛСА,

      «ХӘЛӘУЛӘЙІМ» ТАҒЫ БАР

      Бір іс-шаруа (әңгіме, ән) жуық арада біте қоймай, созылып, ығыр қылғанда, осы әзіл, кекесінді сөз тіркесі ауызға түседі.

      Бірде Алдар көсе мен Түлен, Құлан деген шайтандар сапарлас болады. Ай жүреді, жыл жүреді. Бір жерге келгенде, үшеуі де шаршайды. Демалып отырып Құлан айтады:

      – Жүре-жүре шаршайтын болдық. Бәріміз бірге шаршағанша, біріміздің мойнымызға біріміз кезек-кезек мінсек, – дейді.

      Алдар мен Түлен мақұл көреді.

      – Алдымен қайсымыз мінеміз? – дейді Құлан.

      – Сен екеуің шайтан болсаңдар, мен адаммын ғой. Сондықтан болу керек, аяғымды алға басуға шамам жоқ. Алдымен мен мінейін, – дейді Алдар.

      – Жарайды, – дейді ана екеуі.

      – Қанша уақыт мінгізуіміз керек, уақыт белгілейік, – дейді Түлен.

      – Уақыт белгілеудің керегі не? Мен өлең айтайын, сол біткенше мінгізсеңдер болғаны. Сендер де өлеңдерің таусылғанша мінерсіңдер, – дейді Алдар.

      Түлен мен Құлан мұны да мақұл көреді. Сонымен Алдар екі шайтанның мойнына мінеді де ыңылдап: «Әләуләй, әләуләй, әләуләй, әриәйдім…» деген өлеңін айтуға кіріседі. Шайтандар «Алдардың өлеңі бір таусылар» деп, әрі қарай жүре береді. Бірақ Алдардың «әләуләйі» таусылмайды. Әлгілер тағы шаршағасын:

      – Осы сенің «әләуләйің» қашан бітеді? – дейді. Сонда Алдар:

      – «Әләуләйім» таусылса, «хәләуләй» дегенім тағы бар. Жүре беріңдер! – дейді. Осылайша Алдар шайтандардың ит сілікпесін шығарып, баратын жеріне жетіп алыпты.

      ӘЛШЕКЕЙДІҢ ӘЛПЕШКЕ САЛҒАН БІЛЕЗІГІНДЕЙ ЕКЕН

      Шойнақ батырдың (ХVIII-ғасырда өмір сүрген) екі қызы болыпты. Солардың біріне Албандар, екіншісіне Дулаттар құда түседі.

      Дулат биі Әлшекей құдалық жолын жасау орнына көп әскер әкеліп қыр көрсетіп,


Скачать книгу