Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Читать онлайн книгу.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
тарихы» порталы.

      «Қ. Салғарұлы бұдан әрі түрік атауының шығу төркінін іздейді. „Түрік“ атауының қай кезде пайда болғандығын көрсететін айғақтар жоққа тән, нақтылық жетіспейді. Зерттеуші сондықтан жанама деректерді де назардан тыс қалдырмайды. Жазба дерек бойынша – „түрік“ деген христиан эрасынан кейінгі ҮІ ғасырда Алтайда пайда болған халықтың және оның тілінің атауы. „Алтай – түріктердің алтын бесігі“ деген ұғым осыдан шыққан». (А. Ысымұлы, 31. 29.05.2013).

      Түркі тектес халықтар біздің жыл санау дәуірімізден бұрынғы ежелгі замандарда Алтай тауының баурайында ел болып ұйысып (Ергенеқон), Тәңір тауы (Алтай) жоталарының айналасын бойлай мемлекет (қағанат) болып дамып-өркендегені белгілі. Ол мемлекеттер ыдырап, өз ара қақтығысып, біздің жыл санау дәуіріміздің алғашқы ғасырларында шар тарапқа жайыла қоныс теуіп, Ұлы көшті де бастап берген. Бірақ олар әлемнің қай тарабында өмір сүрсе де, ұлы отандары – Алтайды ұмытқан жоқ. Алтайды олар түркітектілерді ұйыстырған Алтын бесік деп құрмет тұтып, көтермелеп келеді. Сондықтан да бұл сөз тіркесін кейде «Алтай – көк түріктің қара шаңырағы», «Көк түріктің кіндігі – Алтайда», «Алтай – көк түріктің Алтын тағы» деп те түрлендіреді.

      Жоғарыдағы сөздерді оқып отырғанда, ойың қияндарға шарықтап, шабыт жетегіне ересің: сол атажұрт Алтай төңірегінде «Алтай – көк түріктің алтын бесігі» атты ғажайып ертегі қалашығын, «Ергенеқон», «Өтікен» өлкелерін орнатып, сонда жыл сайын халық-аралық түркі фестивалін өткізіп тұрса, қандай ғанибет болар еді! Онда көкпар, ат сайыстары, түркілердің әскери өнері, ұлттық қолөнері, ойын-сауық, күрес, айтыс, тоғызқұмалақ, асық ойындары және т. б. ұйымдастырып, Тоныкөк. Күлтегін, Білге қаған тас құлпытастары макеттері мен ескерткіштері орнатылса, Алтай өңірі туристік Алтын Ордаға айналмас па еді!

      АЛТЫ АРЫС ЕЛ

      «Қазақ шежірелерінде Ұлы жүзді алты арыс (тайпа) ел дейтін де дерек бар. Олар: Бәйдібектің бірінші келінінен туған Сарүйсін – бірінші арыс, екінші келінінен туған Шапырашты, Ошақты, Ысты – екінші арыс, үшінші келіннен туған Албан, Суан, Дулат – үшінші арыс, құрамына Шанышқылы мен Қатағанды қосып алған Қаңлы – төртінші арыс, Жалайыр – бесінші арыс, Сіргелі – алтыншы арыс. Шежіре деректерінде Бәйдібектің ағасы Байдұлладан тарады делінетін Шақшам ұрпағы санының аздығына байланысты тайпалық өреге кейіндеу жеткен. Орта жүз де алты арыс ел – Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ. Тарақты тайпасы Тәуке ханның «ноқта ағасы» институтын енгізуіне байланысты кейін дараланған сияқты»…Кіші жүздің он екі ата Байұлы да алты-алты тайпадан екі бірлестіктің қосылуы арқылы құралғаны байқалады. Әлім бірлестігі де алты арыс ел. Шежіре деректерінде Жетіру бірлестігінің де алғашқыда алты арыс ел болғаны, Тама тайпасының Жетіру бірлестігіне кейін қосылғаны айтылады». (А. Сейдімбек, 93. 86-б.).

      Бір қауым ел деген мағынаға жақын.

      АЛТЫ ЖАСАР БАЛА ЖОЛ ЖҮРІП КЕЛСЕ,

      АЛПЫСТАҒЫ ШАЛ БАРЫП АМАНДАСАДЫ

      «Жалпы ауыл адамдары


Скачать книгу