Қанатты сөз – қазына. 2-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Читать онлайн книгу.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
бұлтарыс-қалтарысына дейін (қарады, анықтады) тексерді дегенді білдіреді.

      БҮЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРАДЫ

      «Қысқы азыққа, яғни соғымға ірі қара мал сойылған. Әсіресе соғымға жылқы малы көптеп сойылады. Орта дәулеттілер бірен-сарандап, ал тұтас жылқы союға әлі келмейтіндер бірігіп бір жылқының етін жартылап немесе сирақтап алатын болған. Тұтас малдың етін жартыға бөлу оңай да түсінікті, ал сирақтап бөлу дегеніміз – тұтас малдың етін төртке бөлу. Мұндай бөліске жататын мал етін алушыларды риза қылатын қасапшылар. Олар өз ісінің шебрі саналады. Сондықтан қазақ шеберлік жайы сөз болғанда немесе сөзін жөндеп сөйлей білмейтіндерді кекесін ретінде „бүйректен сирақ шығарады“ деуі осыдан». (С. Мұқанов, 77.117-б.).

      Бар нәрсені бүлдіреді, болайын деп тұрған істі бөгеді, түзу, жөн істің шырқын бұзды деген мәнде қолданылады.

      БҮК НЕ ШІК ТҮСТІ

      «Асықтың дөңестеу арқа жағының үстіне қарап етбетінен түсуін бүк немесе бүк түсті деп атайды. Ал егер дөңестеу арқа жағы жер жастанып, шұңқыр болып келген кіндік тұсы үстіне қарап шалқасынан жатса, оны шік немесе шік түсті деп атайды. Асықтың осылай бүк, не шік болып жатық түсуінен «Бүк не шік түсті» деген сөз тіркесі пайда болған. Бұл сөз тіркесі екі жақ болып бәстескенде, өзара жеребе тастағанда айтылады. Оның орысша баламасы – «орел и решка». Олар металл теңгелердің түсуі арқылы жеребелерін анықтаса, қазақтар асық арқылы «Бүк не шік түсті» деп анықтаған. Жеребе тастаудың бұл ұлттық нұсқасын ұлттық спорт түрлеріне кеңінен пайдаланса, игі болар еді.

      БҮЛІНГЕН ЕЛДЕН БҮЛДІРГЕ АЛМА

      «Бүлдірге – қамшы, найза, сойыл, т.б. қару-жарақтарды білекке іліп алу үшін қайыстан немесе былғарыдан тағылатын жіңішке бау. Халық шеберлері бүлдіргені көбенесе іске жарамсыз сыдырынды қайыстан тағады.

      «Бүлінген елден бүлдірге алма» мақалында бүлдірге түкке тұрмайтын «арзан» зат ретінде қолданылып отыр. Яғни, халық даналығы: «Бүлінген елге зәредей, иненің жасуындай қиянат келтірме, зиян іс жасама», – деп отыр емес пе?!» (Д. Шоқпарұлы, 9. 1992.).

      Бүгінде бұл сөз тіркесі жер сілкінісі, су тасқыны сияқты табиғат апаттарынан қираған, өрт жалмаған үйлерден зат, дүние-мүлік алуға қызықпа, олардың иесінің қайғысына қиянат жасама деген мәнде қолданады.

      БҮРКІТ ҚАРТАЙСА, МОЛА БОЛАДЫ

      «Қартайған бүркіт еріншектеніп, ірі аңдарға жөнді түспей, ұсағына ұмтылады. „Бүркіт қартайса тышқаншы болады“ деу сондықтан. Тым қартайған бүркітті еркіне жіберу салты бар». (С. Мұқанов, 77..95-б.).

      «Қазақта „бүркіт қартайса, тышқаншы болады“, „бүркіт қартайса, мола болады“ деген сөздер бар. Тісі пышақтай түлкі мен тұяғы пышақтай қоңыр аңдарды алуға шамасы жетпейтінін шамалаған қыран қартайып, әлден тайғанда, „тышқаншы“ болмағанда не істейді. Икемділігі жетсе, иек артпадан сарт етіп бір тышқанды қолға түсіре алса, одан үлкен олжа бар ма. Тышқан қорыққа жақындау жерден молаға қонып, моладан ұшпаса, „мола да“ атанбас еді. Осының бәрі де қыран өмірінің ең соңғы кездерін бақылаған құсбегілердің сарапты тұжырымынан шыққан


Скачать книгу