ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес Оразбекұлы

Читать онлайн книгу.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
әлгі «тәрелкені» бақылай бастады.

      «Тәрелке» айтқандай-ақ, дәл төбеге келіп «тоқтап», астынан төрт аяғын шығарып, жайымен лифт сияқты төмен сырғыды да, алаңның ортасына келіп жайымен қонды. Бүйіріндегі есігі ашылды. Ішінен адам кейіпті, жылтырақ киімді, төбелерінде антенналары бар үш гуманоид шықты. Олар ескерткіштің алдына барып, жан-жағынан байыппен қарап, монументтегі батырларды фотоаппарат сияқты құралдарымен түсіре бастады. Кенет біреуі ескерткіштің түбіне төртбұрышты бір затты қойды да, содан шыққан шұбатылған сымды кемелеріне тартты.

      – Ой, олар біздің ескерткіштерімізді жарып кетпекші! – деді Нар кенет үрейленіп. Осы сөздің сиқыры әсер етті ме, бойларын билеген үрей сап тиылып, оның орнын бір орасан күш құрсай жаулап, үшеуі де батылданып кетті.

      – Жо-оқ! Біз оған жол бермейміз! – деді Ер орнынан атып тұр-ып. – Кәне, қылыштарың мен қалқандарыңды алыңдар! Алға, бау-ырлар! – үшеуі қаруларын жарқ-жұрқ еткізіп, жүздері сұстанып, аяқтарын нық, батыл басып, алаңға жетіп барды.

      – Тоқтаңдар! Қозғалмаңдар! – деп олар айбат шеге алға жылжыды.

      Гуманоидтар сол тұрған жерлерінен қозғалмай, балаларға таңдана қарады.

      – Анау аспаптарыңды жинап алыңдар! Біздің бабаларымыздың ескер-ткіштерін қопарып, жойғалы тұрсыңдар! Біз жарғызбаймыз! – деді Ер өткізгіш-сымды ұстап тұрғанына төне түсіп.

      – Ә-ә, – деді олар балалардың ойын түсіне қойып. – Қорық-паңдар. Біз ескерткіштеріңді жарайын деп жүрген жоқпыз.

      – Онда мыналарың не?!

      – Бұл өткізгіш қой. Кемедегі аппаратқа жалғап, ескерткіштің жалпы табиғатын зерттейік деп едік.

      – Иә, обьектілердің адамдарға тигізер әсер-ықпалын ұғайық деп едік.

      – Ә-ә, онда зерттей беріңіздер, – деді балалар сабасына түсіп. – Сіздер кімсіздер? Қайдан келдіңіздер? Не мақсатпен жүрсіздер? Біз де сіздер туралы білгіміз келеді.

      – Біз сіздер «Үркер» деп атайтын шоқжұлдыздар жүйесінен келдік. Яғни, үркерліктерміз. Ал, мақсатымыз – сіздер, жерліктер тұрғызған мына сияқты ерекше құрылыстар мен монументтердің мән-мақсаты мен табиғатын зерттеп -түйсіну. Сөйтіп жерліктер туралы жан-жақты мағлұмат жинау.

      – Сіздерге таң қалып отырғанымыз, – деді екіншісі сөзді әрі қарай сабақтап. – Бұрын жерліктер бізді көрген замат тұла бойлары қалшылдап, қорқып, үркіп, естерінен танып жатушы еді. Ал сіздер өйтудің орнына, батырларша айбат шегіп, бізге тап бердіңіздер. Соған қарағанда, мына ер бабаларыңызың ескерткіші бойларыңызға күш-қайрат пен рух дарытатын сияқты ғой. Солай ма?

      – Дұрыс айтасыз, – деді Би оны қоштап. – Біз батыр баба-ларымызды мақтан тұтамыз және құрметтейміз. Еліміздің тарихын терең білуге ұмтыламыз. Сол ер бабаларымызға ұқсап біз де батыр, қаһарман болғымыз келеді.

      – Жөн —жөн.

      – Иә, батыр бабаларын құрметтеп, мақтан тұтатын, ерлеріне арнап осындай зәулім де сәулетті ескерткіштер орнататын биік рухты елге еш-қандай жау қорқынышты емес шығар.


Скачать книгу