ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ. Кеңес Оразбекұлы

Читать онлайн книгу.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ - Кеңес Оразбекұлы


Скачать книгу
бұл жолы марапат-мақтауға оншалықты еліккен жоқ. Оның орнына:

      – Дат, тақсыр! – деді тосыннан.

      – Датың болса, айт!

      – Біз сізге әрқайсымыз бір-бірден сауал қойсақ деп едік.

      – Қойыңдар сауалдарыңды!

      Бірінші Ер шығады алға:

      – Тақсыр, осы өңірден бастап сонау Қапқаз бен парсы жұрты-ның терістігіне дейін сұғына жатқан елді Мидия, Мад елі дейді. Сол жұрт сіздің атыңызға байланысты қойылған ба? Соның анық-қаны-ғын білсек деп едік.

      – Бұл сұрағыңа менің оң қол биім жауап берсін.

      Оң қол би тамағын кенеп, өзіне сөз берген Алып кісіге қарап алып, сөзін бастады:

      – Бұл кісіні ел-жұрты қошеметтеп Алып Ер Тоңға деп атағаны-мен, шын аты – Мәди. Ал парсылар бұл кісінің атақ-даңқынан, қаһары мен жеңімпаз, жаугершілік жорықтарынан үріккенінен «Афрасияб» деп атайды. Афрасияб парсыша – «жан түршігерлік қорқыныш пен үрей әкелетін адам» деген ұғымды білдіреді. Яғни, бұл кісінің аты аталған жерде парсылардың жылаған баласы сап тыйылып, өздері қорқыныш пен үрейге бой алдырады.

      Дәл осы тұста Алып Ер Тоңға қабағын түкситіп, көзін алартып, ұртын торситады да:

      – Қалай, мен қорқынышты құбыжыққа ұқсаймын ба? – деп, өзі шыдай алмай қарқылдап күліп жібереді. Қалғандары да қыран-топан күлкіге ерік береді.

      Оң қол биі сөзін әрі қарай жалғайды:

      – Біздің бұл парсы жұртын билеп-төстеп келе жатқанымызға екі мүшел, төрт жыл болды.

      – Яғни, жиырма сегіз жыл! – деді Нар.

      – Иә, дұрыс айтасың. Бір ұрпақтың өміріндей уақыт осы өңірді жайлап, билеп, қоныстанып отырғаннан кейін біздің жұртты «Мәди елі» демей не дейді?!

      Енді алға Нар шықты:

      – Көктен түскен қасиетті төрт кітаптың бірі Тауратта (Библияда) былай делініпті: «О, Израиілдің шаңырағы, мен сендерге алыс солтүстіктен қара нөпір халық әкелдім. Бұлар – көне халық, мәңгі жасайтын халық, оның тілін сендер білмейсіңдер, не айтқанын ұқпайсыңдар. Қалқаны – ашылған қабір сияқты. Қолдарында садақ пен найза. Олардың барлығы да – баһадүрлер. Сенің егініңді таптайды, қыздарың мен ұлдарыңды қорлайды, ірілі-ұсақты малдар-ыңды сояды, жүзімдіктерің мен бақшаларыңды отайды. Сен сенген қалаңның қамалдарын болат семсерімен жермен жексен етеді. Бірақ сол күндері, мен сендерді қолдап, жебеймін» – депті Яхва құдай-лары. Бұл туралы не дейсіздер? Сіздер, сақтар, шынымен-ақ олар айтқандай жауызсыздар ма?

      Алып Ер Тоңға дәу басын шайқап, кеңк-кеңк күлді де, енді сол жағындағы нөкеріне қарап:

      – Бұл сауалға, менің сол қол биім, сен жауап берші, – деді мейірлене.

      Сол қол биі де бұл сауалды күтіп отырғандай шешіліп сөйлеп берді:

      – Біз парсы жұртын ғана жаулап, қол астымызға қаратып қоймай, батыста сонау Вавилон, Ассирия, Палестина патшалық-тарының жерін де атымыздың тұяғымен таптап, тізе бүктірдік. Ал ар жағындағы Мысыр, Элам жұрты, мына түстік бүйрдегі Үнді жұрты бізге бас иіп, салық төлеп келеді. Егер қажет болса, оларды да баса көктеп, жерлерін жаулай аламыз. Бірақ біз олар айтқандай жауыз-дыққа, ұрлық-қарлыққа бой берген емеспіз. Рас, қарсылық


Скачать книгу