Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
айналысқан. Содан жастайынан-ақ байып кеткен. Ел арасында жақсы мінезімен, байлығымен аты шыққан. Оның үстіне ананы-мынаны шалатын ақылы да бар. Сонысы үшін ағайындары қатты сыйлайтын. Бесімдіктер Жанкелдімен ақылдаспай қимылдамайтын. Бұл келіс немересі Телқозыдан туған шөбересін қолпаштау емес, Жанкелді шақырған соң келе жатқан адамдар еді.

      Жанкелдінің арқасында мал да, басқа да байлықтар мол жинаған балалары Зейнет, Жәмет, Әнет, Байқозы, Қарақозының аттары байлықпен шыққан. Бұл балаларының әрқайсысы әкелерінің арқасында мыңды айдаған байлар еді. Олардан туған балалары да бай болатын. Сондықтан малдары бүкіл Қараағаш бойына сыймай жататын. Байлық адамды кеуделі етеді. Жақын туыстары Елгелділерді менсінбей, оларды ұры атауының бір сыры, сонда жатқан еді. Мына тойға шақырмаудың бір сыры осында еді. Қатар өскендіктен бе, Жанкелді Таубайды қадыр тұтып, жақсы көретін. Баяғыда, он жеті-он сегіздегі кезінде Бұхардан дүние алып келе жатқан Жанкелдінің керуеніне қазақтардан бет қарамайтындай болып жеңілген қалмақтар енді ашық соғысқа шықпай керуен жолдарын андитын. Ойламаған жерден елге жақындай бере Жанкелділер соларға кездесіп қалған болатын. Олар дүниелерін алып қана қоймай, адамдарын да қырып тастайтын, болмаса байларын құлдыққа алып кететін. Кейін құн сұрайтын. Жанкелдінің ажалы жоқ па, қалмақтар соңына түсіп жүрген Таубайлардың жасақтарына кездесіп қалып, Жанкелдіні сол жолы бір ажалдан құтқарып қалған еді. Сан жылдар өтсе де Жанкелді Таубайдың сол жақсылығын ұмытқан емес. Қазір де сол алыста қалған күндер еске түсіп сөз бастаған.

      – Бұл Елгелдінің Төлекбай атасынан бастап бар өмірі қалмақтармен соғыста өтті ғой. Бұлардың қазақтар алдында еңбегі зор. Соны ұмытпауларың керек.-Бұл сөзді балаларына арнап айтқандай еді. Қазір өзі де шал болып қалған Зейнет үндемеді. Таубай оның үнсіз қалғанын жақтырмады. Алайда, оған тиіспеді. Басқаша сөйледі.

      – Жәке, оны елдің бәрі білуі міндетті емес, сіздің ұмытпағаныңызға рахмет, Алла жарылқасын. Уақыт өтеді жақсылықта та, жамандық та ұмытылады. Анау Тәңірбергеннің «бес перені»ағаларының асында ат жарысынан бізге бас сыйлықты бермеді ғой, баяғыда. Сол есімнен кетпейді.

      – Өзің айтып отырсың ғой, өткеннің бәрі ұмытылады деп, сенде ұмыт, оны ендеше, -деді Жанкелді.

      – Жай, сөз реті келген соң айтып отырмын.– Бұл арада Жанкелді балаларына өкпе бар еді, бірақ оны ашық айтпады Таубай. Және оны айтудың мына арада орынсыз екенін білген ол.

      – Байлық деген қызық, біреулерге сәтін салады да, содан кейін байып кетеді. Тәңірбергеннің балалары да сондай сәтімен байыған адамдар еді. Сен байлықты ойлама, аталарымыз айтатын байлық бір жұттық дейтін. Тек ауылдың өсуін ойла.-Жанкелді Таубаймен кездескен сайын осы сөзді айтатын. Таубай да бұл сөзде үлкен мән беріп айтатынын жақсы түсінетін. Қазір де соны қайталап айтып отырған.

      Бірақ қазақ кім көрінгенге қыздарын бере бермейді. Оның иелігіндегі малдарына қарайтын. Ал, Елгелділерде мал жағы аз еді, сондықтан бірен-саны болмаса Елгелділер екі әйел ала алмайтын. Мыңды айдаған байлар оларға қыздарын


Скачать книгу