Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі
Читать онлайн книгу.қамшы басты. Шоң да боз атқа Дәулетбикелеп қамшы салған. Алғашқы кезде ат тұяғынан жерден көтерілген шаңнан ештеңені біліп болмайтындай еді. Меженің жарты жолына келгенде ат арасы сиреп, жүйріктер алға кетіп, шабысы қысқа аттар кейін қала берді. Межеге он шақырымдай қалғанда алдағы аттардың қатары саусақпен санарлықтай болып қалды. Шоң байқады, алдында бес-алты ат кетіп барады. Енді кешіксе алдағылар жеткізбей кететінін сезді. Атына тағы қамшы басты. Алдағылар аттарының есін шығарардай қамшы салып келеді. Өйткені, таяқ тастар жерде жеңіс тұр. Қазаққа ат жарысынан жоғары ештене жоқ, бұнда ел намысы, атақ-абырой бәрі осында еді. Кейбір ат үстіндегі балалар қалып бара жатқанын сезіп дауыс шағарып жылай бастады. Алға кеткендерге бірінші болып баруға үміт оянған. Алда мұнартып көрінген киіз үйлер айқындалып көріне бастады. Шоң енді байқады, алда кетіп бара жатқан аттардың бірі Сапақтың Теңбілкөгі. Уә, аруақ, Дәулетбикенің атып атап, Шоң атына тағы қамшы басты. Көк ат сәт ышқынып кеткендей болды. Жанын салып шабысына шабыс қосты. Алда бара жатқан Сапақтын атымен теңесе берді. Шоң бірінші орынның аулы алыс емес екенін енді сезді. Анамыз Дәулетбикенің аруағы қолдай көр айтып тағы кезекті рет қамшы салды.
Бесімнің Дәулетбикеден тараған Барғана, Айтқожа, Сатыпалдының қайсы болмасын атқа шапқанда, жауымен соғысқанда Дәулетбикенің атын атайтын еді.
Қандарына сіңгені сонша, өздері де қалай Дәулетбикелеп кеткенін білмей қалатын. Бұл әдет Шоңға да ес білгелі кіре бастаған. Дәулетбике анамның аруағы қолда деді тағы да. Мына сөз атқа да күш бергендей екпіндеп келеді. Шоң Айтанға қатарласа бергенде ол бщз атты кеңсірік тұсынан бір тартты. Мұндайды көрмеген ат бейшара аспанға атылып тұрып қалды. Бұл кезде Айтан аты біраз жерге кетіп қалған еді. «Жануар, күшінді жина, бәрібір қуып жетеміз» деді де Шоң атына тағы қамшы басты. Бірақ Теңбілкөк жеткізбеді. Мәреге Сапақтың аты бірінші, боз ат екінші келді. Шоң аттан түскенде ғана көрді. Аттың тұмсығынан қан ағып тұр екен. Сапақта, ағайындарында ес жоқ. Айтанды ат үстінен көтеріп алып, Теңбілкөкті мойынан құшақтап сүйіп жатыр. Шоңның қаны қайнап кетті. Жүгіріп барып қамшымен Айтанды екі-үш рет тартып-тартып жіберді. Мұны көрген Сапақтың да ашуы қозып кеткендей.
– Мына Теоқозының тенгтегі қайтеді… Ұрып жібергісі келді. Бірақ қаптаған ел көзінше оны жасай алмады. Жұрт бұларға назар аударып жиналып қалған еді. Бір жағынан Таубай да келді. Шоң оған болған жағдайды айтты,
– Бұл қазақ сондай, қандай жағдайда болмасын бір қулығын жасап жүреді. Ештеңе етпейді, екінші орын да жаман емес. Сапақ қай жерде болсын, байлықтың арқасында мықтылығын көрсетіп жүреді.
Таубай амалы таусылғандай тұрып қалды. Шоң атты жетектеп қазылар алқасының алдына алып барды.
– Мына ат тұмсығынан аққан қанды көріп тұрсыздар ғой, мен озып бара жатқанымда Теңбілкөктің үстіндегі Айтан тура кеңсіріктен ұрды. Шауып келе жатқан атқа соны неге жасайды?
Айтан да беріспей:
Мен әдейілеп