Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап. Қанат Жойқынбектегі

Читать онлайн книгу.

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап - Қанат Жойқынбектегі


Скачать книгу
«Білемін. Бірақ менің одан да зор өнерім бар. Жылқының жүйрігін айта аламын. Адам бойындағы көрінбей тұрған өнерді білемін». Жанкелді оның мына айтқанына сене қоймады. Күдіктене қарады. Ештеңе айтқан жоқ. Елге алып келген.

      Көбеннің айтқанында ешқандай өтірік жоқ екен. Елге келген соң бірнеше аты сынатып көрген. Оның жүйрік деген аттары шын жүйрік еді. Жанкелдінің Көбен көптің бір еместігіне көзі әбден жеткен. Содан, талй айтқаны тура келді. Жанкелді Көбенді құл есебінде ұстамады. Ауылда еркін жүрді. Арада біраз жылдар өткен болатын. Ақыры, Жанкелді Көбенге бостандық берген еді. Астына ат мінгізіп, еліне жіберген. Ол кеткен. Арада бір ай өткенде, қайтып келген. Көп уақыт өткендіктен елін жатсынып, сия алмаған болуы керек, кері оралған. Ақыры, Жанкелді ауылынын бір қыз алып беріп, осында өмір сүріп жатыр еді, содан бері Көбеннің білгірлігін бағалап ауыл адамдары бәрі де сыйлайтын. Алайда, Көбенде бала болмады. Жанкелді айтқан: «Сен ұрпақсыз өтесің бе, тағы әйел ал. Қаласаң менің балаларымның қыздарының біреуін ал». «Жәке, қажет емес, менен бала болмайды. Анау қызды алған түні Жаратушымыз аян берген. Менен ұрпақ болмайды. Қызынды бақытсыз ете алмаймын. Осылай да өмір сүремін». Сөйтіп, Көбен ал деген қызын алмаған. Сол бірінші әйелімен өмір сүріп жатқан.

      Оқуға жіберер алдында немересі Шоңды да сынатқан еді. "Жәке, оқуға берініз бұл балаңыз үшін ең дұрыс жол. Бақытты болады, алдына ешкім келе алмайды, елге сөзін тындататын, не айтса да дәл табатын болыс болады» -деген. Екі ойлы болып жүрген Жанкелді Көбеннің айтуымен Шоңды орыс- татар мектебіне берген болатын.

      Көбеннің керемет ат сыншы екенін біліп алған ел, арнайы шақыртып аттарын сынататын. Ондайларға қырсық мінезі бар ол бара бермейтін. Тек, осындай үлкен жарыстарда ғана келіп аттарды сынайтын. Көбен ат сынай бастағанда оның манайында ел қаптан кететін. Бүгін де солай болды. Қазақ қызық халық, күні бұрын жарыс болмай жатып өз аттарын мақтағанын ұнатады. Бірақ Көбен ондайды жасамайтын. Адамдардың байлығына, кедейлігіне қарамай турасын айтатын.

      Көбен Жанкелдінің тойына келген аттарды көріп жүргенде Байсары соңынан қалмай еріп жүрген болатын. Үйіне кетер кезде Бпйсарыға оңашалап айтты.

      – Мен аттардың бәрін қарап шықтым. Сенің атыңан жүйрігі жоқ. Сәтін салса, бірінші орынды аласың, болмаса екінші орын шаппай берудің өзі болады.– Осыны айтып кетіп қалды. Мына сөз Байсарының көңілін көтеріп тастағандай болды.

      Кешінде тойға әдейі ертіп әкелген өнерлілер дайындала бастады. Күн батар алдына шартараптан келген мықтылар, балуандар белдесті. Одан кейін әншілерге кезек тиді. Жиналғандар оларды да қызықтады. Кезке Жәмкеге келді. Бұның өнері басқалардан өзгешелеу еді. Домбыраға қосылып неше түрлі ән салды. Қазақтың қиса- дастандарын жатқа біледі екен, оларды домбыраға қосып айтып берді. Елдің қызыққаны сондай, жіберетін түрлері жоқ. Түннің біраз уақытты болды. Ай туғалы қашан! Жәмкені босатар емес, өңкей шалдар құлағын тосып, тыңдап қалыпты. Зылиқа-Жүсіптен бастап сан түрлі қисаларды айтып жатыр. Елдің құмары қанар емес. Жұрттың арасында Көбен де тұр


Скачать книгу