Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Читать онлайн книгу.

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
жолдың салынуы, Арал қаласының ірі балық шаруашылығы орталығына айналуы себепті Қазалы қаласының сауда орталығы ретіндегі ролі тарыла бастады. Дегенмен, Қазалының сауда орындарынан жүн, мал, балық, қарбыз, т.б. сатылып жатты. Қазалыға оңтүстіктен Қызылқұм арқылы екі сауда жолы кірді. Оның бірі Петро-Александровскіден Әмударияға апаратын жол (460 шақырым), екіншісі қашықтығы 660 шақырым болатын Гышдуванға апаратын жол, бұл жол Бұхара қаласына апаратын ең қысқа жол болып саналады.

      1920 жылғы мәлімет бойынша Қазалы уезін құраған құраған болыстардың орналасу келесідей болған:

      Аққыр болысы – уездің оңтүстік-шығысында;

      Жамансыр болысы – Сырдария мен Қуаңдария аралығында;

      Қуаңдария, Көшербай, Заңғар, Қалымбас болыстары – Қуаңдарияның төменгі ағысы бойында;

      Ақтөбе болысы – Сыр бойы, Қазалы уезінің оңтүстік-батысында;

      Қаракөл, Сарытоғай болыстары – Қазалы қыстағын қоршай, уездің солтүстік бөлігі, Қызылқұм, Арал теңізі бойларында;

      Қамыстыбас, Шыбынды болыстары – Қамыстыбас көлі мен Сырдарияның Аралға құяр сағасы мен Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағында;

      Райым болысы – Арал теңізінің солтүстік шығысында;

      Қостам болысы – Сырдың оң жақ бетінде, уездің шығыс қиырында;

      Мақбал болысы – уездің солтүстік-батысында, Қарақұмда орналасты [241, 7].

      Кеңес үкіметінің орнауына байланысты 1918 жылы уезд орталығы ретінде ликвидацияланды. Перовск, Қазалы Қазақ даласында жүргізілген Әкімшілік Ережелер патша үкіметінің отаршылдық саясатының түпкілікті орнауын жүзеге асырды, қазақ даласын әкімшілік аймақтарға бөлу қазақ даласын басқарудың тиімді жолы болды.

      2.2. ХІХ ғасырдағы әкімшілік ережелер және қазақ ауылы

      Біз негізге алып отырған ХІХ ғасырдағы қазақ ауылдарының әкімшілік құрылымы байырғы қазақ ауылынан өзгеше болды. Территориялық құрылым және отарлық билікті күшейту мақсатында 1822 жылы «Орынбор қазақтары жайлы жарғы» қабылданды. Бұл жарғы хандық билікті жоюды көздеді. Қазақтардың саяси басқару институтын жою отарлау саясатының ең басты міндеттерінің бірі еді. Осы құжатқа сәйкес Кіші жүз қазақтарының территориясы батыс, орта, шығыс аймаққа бөлініп, «Орынбор өлкесінің қазақтары» деген жаңа атқа ие болды [112, 30]. Әр аймақ әкімшілік ауылдарға бөлінді. Әкімшілік билікке жоғарыдан бекітіліп қойылған, басыбайлы сұлтандар келді, ал ауылды старшындар биледі, осылайша басқарудың жаңа жүйесі пайда болды. 1844 жылы «Орынбор қазақтарын басқарудың ережесінің» жаңа жобасы қабылданды. 1831 және 1839 жылдар аралығында енгізілген дистанциялық басқару 1860 жылдарға дейін жүрді. 1822 ж. жарғы және Кіші жүз қазақтарын дистанциялық басқарудың нәтижесі ХІХ ғасырдың 20-50 ж. Кіші жүзді қамтыған Қаратай сұлтан және Қайып Ғали Есімов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісұлы, Жоламан Тіленшиев, Есет Көтібаров, Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістерге ұласты.

      Конец ознакомительного фрагмента.

      Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

      Прочитайте


Скачать книгу