Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Читать онлайн книгу.Ш.Тоқтабаева [346] сияқты отандық этнограф ғалымдардың зерттеулері қамтылды. С.Әжіғалидың «Крател елінің асыл мұрасы» [38], «Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии» атты еңбектерінде [3] Арал теңізінің шығыс жағалауындағы бейіт, мазарларды есепке алып, картасын ұсынған. Бұл еңбектердің Сырдың төменгі ағысының Аралмен шектесетін тұсындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің қазақ тарихы мен этнографиясында, жалпы түркі әлемінде алатын орын нақтылауда маңызы зор. С.Әжіғали, Р.Бекназаровтар Сырдарияның төменгі ағысы бойын «Арал-Каспий» аймағы компонентінде қарастырады. Н.Э. Масановтың «Кочевая цивилизация казахов (Основы жизнедеятельности номадного общества)» [239], В.Ф.Шахматовтың «Казахская пастбищно-кочевая община (вопросы образования, эволюции иразложения)» [376] атты еңбектерінің қазақтардың көшпелі қоғамын саралаудағы теориялық негіздерінің маңызы зор.
Ә.Қоңыратпаевтың Сыр қазақтарының этникалық тарихына, діни тарихына қатысты этнофольклорлық саралауларының маңызы зор [202]. Т.Қоңыратпаевтың зерттеулерінен Сыр өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты тарихи-этнографиялық мәліметтерін назарға алдық [203].
«Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерi: өткендегiсi және бүгiнi» атты жинаққа енген А.Құдайбергенованың «Сырдарияның төменгі ағысында тұратын қазақтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр ерекшеліктері» [205], А.Құдайбергенова мен Қ.Бекбалықтың «Оңтүстік Қазақстан қазақтарының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүр ерекшеліктері» [198, 1 т., 200-225] атты мақалаларының ішкі мазмұндары бірін-бірі толықтырады. Аталған мақалалар 1998 жылғы Қызылорда экспедициясы кезінде жинақталған материалдарға сүйене отырып жазылған, отбасылық әдет-ғұрыптар, құрбандық шалу, аруақтарға арнап иіс шығару, әулие аралау, Сыр өңірінде ХХ ғасырда өмір сүрген бақсылар, отбасылық-некелік қатынастарға негізделген әдет-ғұрыптар, құда түсу, қалта қарау кәдесі, құйрық-бауыр асату, келін түсіру, табақ тартуда қалыптасқан әдет-ғұрыптар, жерлеуге байланысты әдет-ғұрыптар мен ырымдар деген тақырыптарға бөліп қарастырған.
Е.Ж.Оразбектің «Некоторые черты традиционной культуры Сырдарьинских казахов» [295] атты мақаласы Сырдарияның сол жақ жағалауы бетінде орналасқан Жалаңаш ауданы, Таң ауылында 1993-1994 жылдары жүргізген бақылауы негізінде жазылып, онда бесікке салу, қырқынан шығару өлікті жөнелту, биіт тұрғызу, бастаңғы жасау, руаралық дәстүрлі билік атты тақырыптарды қамтыған.
Бүгінгі таңда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениетіміздің қайта жаңғыруының, әсіресе қазақ этнографиясының етене дамуының, жекеленген мәселелердің арнайы зерттеу объектісіне айналып, ғылыми тұрғыда жан-жақты зерделеніп, этнография ғылымының жаңа қырынан дамуының куәсі болып отырмыз. Осы тұрғыдан келгенде Ахантаева Әмина Жағыппарқызының «Сыр өңірі қазақтарының дәстүрлі жер шаруашылығы: тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басы)» деп аталған кандидаттық диссертациясы ғылыми-танымдық маңызы үлкен, қолданбалық-саяси мәні салмақты тақырыпты зерттеуге арналған