Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Читать онлайн книгу.[350, 231-, 243-244], Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы археологиялық ескерткіштер деректерімен [351; 352] байланыстырған, өзіне дейінгі жазба деректермен нақтылаған. С.П. Толстов 1940-1960 жылдар аралығын қамтыған Хорезм экспедициясының ғылыми нәтижелері Арал маңының ежелгі тайпаларының этногеографиясын, палеогеографиясын ғылыми тұрғыда нақтылай түседі. С.П.Толстов Сыр өңірі тайпаларының көшпелі шаруашылығын осы өңірді мекендеген ерте және ортағасырлардағы көшпелі тайпалар өмірімен байланыстырады [349, 99].
Хорезм экспедициясына қатысқан Л.М.Левинаның «К вопросу об антроморфных изображениях в джетыасарской культуре» [209], «Этнокультурная история Восточного Приаралья: 1 тыс, до.н.э. – 1 тыс. н.э.» [211], «Керамика нижней и средней Сырдарьи в І тысячелетии н.э.» [210] материалдары Сырдың төменгі ағысы бойындағы ежелгі өркениеттің дамуымен қатар, өндірісті шаруашылықтардың дамуы тарихын, көне тайпалардың шаруашылықтары мен кәсіптерінің даму эволюциясын заттай және жазба деректер арқылы нақтылай түседі. О.А.Вишневскаяның «Культура сакских племен низовьев Сырдарьи в VII-V вв. до н.э.» атты монографиясы [69] Сырдарияның ескі арнасы Іңкардария бойындағы Ұйғарақ қоныстарының материалдары негізінде жазылған, аталмыш еңбекте Сыр өңірін қоныстанған байырғы сақтардың мәдениеті қамтылған, ондағы ғылыми деректер Сыр өңірін қоныстанған қазақтардың этникалық мәдениетінің түптамырын тарихи кезеңдермен байланыстыруға негіз болады. Хорезм экспедициясы материалдары негізінде археоэтнографияның барлық салаларын қамтыған «Низовья Сырдарьи в древности» атты жинақ-журнал жарық көріп, онда этноархеологиялық мәлімет беретін экспедиция зерттеулерінің нәтижесі жарияланып тұрды.
Ресейлік ғалым Б.И.Вайнберг 1960 жылдардан бастап, Арал, Каспий, Сырдария және Әмударияның төменгі ағыстары бойында өмір сүрген тайпалардың этногеографиясы, палеогеографиясы, Ежелгі Тұранның экологиясы мәселелерін зерттеумен шұғылданып, бірнеше құнды еңбектер жазған. Автордың «Этногеография Турана в древности VІІ в. до н.э. – VІІІ в.н.э.» атты монография, 1960 жылдардан бергі зерттеу жұмыстарының нәтижесі, онда Тұран ойпаты аймағындағы тайпалардың ертедегі миграциялақ ағымдарын, сақ, қаңлы, алан, ғұн, т.б. Сыр бойылық ежелгі тайпалардың этномәдени үдерістері қамтылған [65]. Б.А.Литвинскийдің зерттеулері де Орта Азия және Қазақстандағы ежелгі көшпелілердің этногеографиясын қамтыған [213].
Белгілі ғалымдар С.Г.Кляшторный [177], Т.И.Султанов [338], С.Г.Агаджановтар [1] Сырдария, Арал бассейніндегі ежелгі көшпелі тайпалардың тарихы мен қоныстану мәселесін жіті зерттеген.
Сыр өңірі қазақтарының этникалық географиясын нақтылауда кеңестік дәуірдегі этникалық картографияның теориясына, тәжірибесіне сүйене отырып, этникалық картографиялық зерттеулерді басты нысанаға алдық, осы тұрғыдан келгенде КСРОҒА «Историко-этнографический атлас Средней Азии и Казахстана» атты ғылыми жобасы бойынша жасаған жұмыстар мен оның нәтижелерінің маңызы зор.
Т.А.Жданконың «Историко-этнографический