Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Читать онлайн книгу.бергендердің қатарында Ешмұхамед Букин, Досмұхамед Букин, Ысмайыл Қасымов, Кенжебай Мәтенов, Жүсіп Қасымовтар болған [252]. П.Комаров «Из киргизских поверий» атты топтамаларын «Туркестанские ведомости» газетінде, ал Қазалы қазақтарының арасында болып жазып алған наным-сенімдер жүйесін «Самаркандская газетада» [182] жариялаған.
Белгілі этнограф Әбубәкір Диваев 1880 жылдардан бастап Сыр бойында бірнеше рет болып, ертегі, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, наным-сенімдерді жинақтап, жазып алып жариялап отырған. Әбубәкір Диваевқа мәлімет берушілер қатарында Қазалы уезінен Қансабай Амандықов, Перовск уезі Кеңтүп болысынан Ақмамбет Тоқпаев, Мүсілім Қарақожаев, Перовск уезінен Жұманазар ақын, Перовск уезі, Қысбөгет болысынан Пірмұхамед Тойтанов, Перовск қазағы Мұхамедәли Шахмұратов, т.б. болды. Ә.Диваевтың 1920 жылғы Сырдария экспедициясы кезінде жинаған материалдары жарияланып үлгірмей, қолжазба күйінде қалған.
Әбубәкір Диваевтың «Несколько слов о свадебном ритуале киргизов Сырдарьинской области» атты мақаласы Сырдария облысы қазақтарының үйлену рәсіме қатысты сал-дәстүрлерге арналып, араб және орыс тілдерінде басылып шыққан, мақалада қалыңдықтың ұзату тойында айтылатын «ау-жар» мен қалыңдықтың күйеу жігіт ауылына келін болып түскеннен кейін беташарда айтылатын өлең мәтіндері берілген [97]. Осы автордың «Древне-киргизские похоронные обычай» атты еңбегінде егде тарқан адамды, орта жастағы адамды және жас адамды жерлеудегі айырмашылықтары мен жерлеуден кейінгі атқарылатын рәсімдердің айырмашылығы мен атқарылуының жон-жосығын берген [90]. Ә.Диваевтың «Ит-ала-каз» [93] «Поверье» [99] «Поверье, призыв ветра» [100] «Приметы» [101], «Шайтан-искушитель» [104], «Баксы» [88] «Волшебный заговор против укуса ядовитых насекомых и пресмыкающихся» [89], «Причитание» [102], «Из области киргизских веровании. Баксы, как лекарь и колдун» [91], «Киргизские болезни и способы их лечения» [96], «Из области киргизского скотоводческого хозяйства» [92], «Пастухи» [98], «Киргизские болезни и лечение их посредством пения бедик» [95], «К вопросу о наречении имен у киргизов» [94], «Промыслы и занятия туземцев Азиатского города Ташкента» [103] және т.б. көптеген еңбектері Сырдария экспедициясы нәтижесінде жазылған. Ә.Диваев тұрмыс-салт жырларының қай түрі болсын, жинап алысымен ретке келтіріп, орысшаға аударып, түсініктемелерін жазып, жариялауға асыққан және олардың негізгі денін Перовск уезінде болған сапарында жазып алған.
Белгілі түрколог-ғалым Александр Николаевич Самойловичқа қазақ ұлтының зиялысы, Перовск уезі, Гродеков болысының қазағы Мұстафа Шоқайдың дерек беруі бойынша жазылған «Запретные слова в языке казак-киргизской замужней женщины» атты мақаласы Сыр бойы келіндерінің күйеуінің туыстарына «ат қою» мәселесіне арналып, оны «Живая старина» беттерінде жариялаған [325, 161-168]. Мұстафа Шоқай мен Александр Самойлович Санкт-Петербургте Әлихан Бөкейханов арқылы кездескен болуы керек. Бұл уақытта Мұстафа Шоқай Петербор университетінің заң факультетінде оқып жүрген, оны тамамдаған