Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Читать онлайн книгу.

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
деп қарауға болмайды. 1805 жылы 25 маусымда Орынбор мүфтиі Мұхамеджан Хұсайынның Александр І патшаға жазған мәлімдемесінде Кіші жүздегі қазақ рулары 400000 шаңырақ, әр шаңырақта орта есеппен 10 адам, яғни барлығы шамамен 4000000 жуық адам болған, – деп жобалап, әрі адам санын асырып мәлімдеме берген [243, 227].

      Сырдария, Арал бассейнінде қоныстанған байырғы тайпалардың этникалық тарихын қамтуда 1851 жылы жарық көрген Н.Я.Бичуриннің «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» [58] атты зерттеуіне сүйендік.

      Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы, көші-қон бағыты, тұрмыс-тіршілігі мәселесін жан-жақты қаузаған көлемді еңбектің бірі – «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты жинақтың Түркістан өлкесі бөлімі. Осы жинақтың 1903 жылғы ХVІІІ томының «Киргизский край» [312], 1913 жылы шыққан ХІХ томының «Туркестанский край» [313] атты бөлімдеріндегі деректер жүйесі байырғы қазақ ауылының дәстүрлі құрылымы мәселесін қамтуға негіз болады. Осы жинақтың ХІХ томында 1897 жылғы Бүкіл Ресейлік санақ мәліметін негізге ала отырып: «қазақтардың жалпы саны 1884192 болып, оның 794 815 – Жетісу, 952061 – Сырдария, 63091 – Самарқант, 74225 – Закасспий облысында тұрған. Ал, 17000 қазақ Хиуа хандығынан тіркеуге алынған», – дейді [313, 366].

      «Азиатская Россия» атты еңбектің 1-ші, 2-ші томдарында Перовск және Қазалы уездеріндегі елді мекендер, қоныстар, атакәсіптердің дамуы және осы өңірден түсірілген маңызды этнографиялық суреттер қамтылған. Тұрғындар демографиясына қатысты мәліметтер 1897, 1911 жылдардағы санақ нәтижесінде жазылған. Құрастырушылар Сыр өңірі қазақтарын «түркістандықтар» категориясына енгізген [6].

      ХVІІІ ғасырда жоңғарлармен қақтығыс аяқталғаннан кейін, шапқыншылық кезінде бытыраушылыққа ұшыраған ру-тайпалар өз атамекендеріне қайтып орала бастады. Жоңғар шапқыншылығы барысында өз атамекендерінен айырылған тайпалардың басым көпшілігін Орта жүз тайпалары құрағаны белгілі. ХVІІІ ғасырдың аяғында Ұлы жүз тайпаларының басым бөлігі Сырдария жағалауынан, Түркістан өңірінен Жетісу өңіріне қарай, Орта жүз тайпаларының да басым бөлігі осы аймақтан Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан далаларына қарай үдере көшті. Осы кезеңдегі қазақ тайпалары туралы жазылған аса маңызды құжаттардың бірі Орынбор әскери губернаторы Г.Волконскийдің дерегі. 1803 жылы Г.Волконскийдің тапсыруы бойынша ағаман (старшын) Көбек Шүкірәліұлы мен Қазан татары аудармашы қызметін атқарған Ғали Шахмұратов Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз қазақтарының қоныстануы, көші-қон аймағы, сауда-саттыққа араласуы жайындағы дерек дайындап, бұл деректі жинақтауға өздеріне қарасты руды жақсы білетін ру ақсалдары қатысқан. Бұл құжатта үш жүздік құрылымдарды сипаттау барысында, Ұлы жүз бен Орта жүз құрамындағы ру-тайпаларды толық қамтымауы олардың Орынбор өлкесінен тыс өңірде орналасуымен байланысты болуы керек. Орта жүздің руларының тармақтары толық қамтылмағанымен, басты тайпалары толық беріледі. Негізінен Г.Волконский мәліметінде Кіші жүз қазақтарының жері Орынбор генерал-губернаторлығына


Скачать книгу