Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Читать онлайн книгу.

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
еңбегінде Түркістан өлкесінің тарихы, халқы жер-суы, архитектурасы қамтылған. Әсіресе Қазалы уезінен түсірілген бай қазақ отбасының киіз үйінің ішкі көрінісінің тарихи-этнографиялық маңыздылығы ерекше және аталмыш сурет мазмұны Сыр өңірі қазақтарының материалдық мәдениетіндегі ерекшеліктерді нақтылауда бағыт беретін фотоқұжат деп санауға болады [208].

      Ашмариннің «Кочевые пути, зимовые стойбища и летовки (Историческое описание)» атты мақаласында Ырғыз шектілерімен қатар Сыр бойындағы шектілердің көшу жолдарын қамтыған. Автор ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы көш жолдары мен ХІХ ғасырдағы көш жолдарының қашықтығын салыстыра отырып, көш жолдарының дәстүрлі ырғағының бұзылуының себептерін «отаршылдықпен» байланыстырып, шындықты ашып көрсеткен [37].

      М.Д.Спиридоновтың 1922 жылы «Сибирская природа» атты журналға жарияланған «Киргизские пустынные степи» атты еңбегінің Сыр өңірінің тарихи географиясы үшін маңызы жоғары, әрі автор Перовск уезінің шығысында орналасқан қазақтардың жаздық қоныстарын, Ұлытау, Сарыарқа жерлеріне көшу жолдарын қамтыған [336].

      М.А.Лялинаның «Путешествие по Туркестану Н.Северцова и А.Федченко» атты еңбегі халықтық білімдер жүйесіне қатысты құнды мәліметтерді қамтиды [215], Янурий Алоизий Маг-Гаханның «Военные действия на Оксусе и падение Хивы» атты еңбегінің «Еділден Сырдарияға дейін», «Қазалы», «Форт Перовск», «Жолда», «Қазақ ақсақалы», «Көне қала» атты бөлімдері байырғы қазақ ауылының келбетін сараулаға негіз болады [216].

      Көрнекті географ-ғалым Л.С.Бергтің экспедициясы Арал теңізімен қатар Сырдарияның төменгі арнасы өңірін де қамтыған, оның палеогеографиялық, ихтиологиялық, картографиялық, этнографиялық материалдарының ғылыми құндылығы жоғары [55].

      В.В.Бартольдтың «История культурной жизни Туркестана» атты еңбегінде Сыр өңіріне ислам дінінің таралуы, Сыр өңірін мекендеген қыпшақтар мен оғыздардың көрші тайпалармен сауда-саттық қарым-қатынастары сияқты мәселелер қамтылған [46, 109-163]. В.В.Бартольдтың «Туркестан в эпоху монгольского нашествия» [48], «К истории орошения Туркестана» атты еңбектерінің Түркістан өлкесі, соның ішінде Сыр өңірінің тарихы мен тарихи-этнографиясына қатысты берер ғылыми деректерінің маңызы жоғары [47]. В.В.Бартольдқа арналған Түркістандық достарының жинағында Сырдың орта ағысы тұсындағы қазақтардың тарихи-этнографиясына қатысты мәліметтер баршылық, осы жинақтағы көптеген деректер салыстырмалы сараптау жасауға дерек көздер болады [64].

      Сырдың төменгі ағысы Арал теңізінің шығыс шақ бетін қамтитындықтан Тарас Шевченконың А.И.Бутаков экспедициясына қатысып, Аралда өткізген жылдарында салған көркем суреттерінің мазмұны материалдық мәдениеттің, әсіресе дәстүрлі баспана жүйесін саралауға дерек көз болады [377].

      П.П.Румянцевтің «Киргизский народ в прошлом и настоящем» атты еңбегінде Патша үкіметі әкімшілік Ережелерінің қазақ даласына жүргізілуіне сәйкес көшпеліліктен отырықшылыққа өту кезеңдерінің ерекшеліктері қамтылған [314].

      Г.Н.Потаниннің


Скачать книгу