Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева
Читать онлайн книгу.культінің тарихи-түп тамырын негіздеуге ғылыми жолсілтеу болды [41], ал осы автордың «Қазақстанның ежелгі қалалары» атты кітабынан Сыр өңіріндегі ежелгі қала-қоныстарға қатысты этноархеологиялық материалдарды пайдаландық [42], С.М.Ахинжанов [36], С.Жолдасбаевтың «Сығанақтың сырын ашалық» атты мақаласы Сыр өңіріндегі байырғы қаңлы, қыпшақтардың қонысын, байырғы отырықшылық өркениетін негіздейді [126]. Археолог ғалымдардың Сыр өңіріндегі байырғы тайпалардың қоныстары мен осы өңірдегі ежелгі мәдениеттің, шаруашылықтардың дамуын археологиялық деректерді жазба деректермен негіздей отырып жүргізген зерттеулері археоэтнографиялық деректердің негізгі ұстанымы болды.
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты этнология бөлімі 1955 жылы «Қазақстан және Орта Азия халықтарының тарихи-этнографиялық Атласы» атты тақырып бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастап, Қазақстанның бірқатар облыстарында экспедиция ұйымдастырып, далалық материалдар жинақтады. Экспедиция 1958 жылы Қызылорда облысы қазақтарын қамтып, В.В.Востровтың жетекшілік етуімен зерттеу жұмыстары Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі аудандарында жүргізілген. Экспедиция құрамында Тарих, археология және этнография институтының мамандары М.С.Мұқанов, Р.Д.Ходжаева, В.Галиев, М.Оразбаков, ҚР Орталық Мемлекеттік Музей маманы Н.А.Оразбаевалар болып, зерттеу нәтижелері В.В.Востровтың «Некоторые вопросы этнографии казахов Кзыл-ординской области» [71], М.С.Мұқановтың «К вопросу о родорасселении казахов на территории Казалинского и Перовского уездов Сырдарьинской области (вторая половина ХІХ века)» [264] атты мақалаларында, И.В.Захарова, Р.Д.Ходжаеваның «Казахская национальная одежда (ХІХ – начало ХХ вв.)» [139] атты зерттеуінде, М.С.Мұқановтың «Казахская юрта» [265] атты еңбектерінде қамтылған. Бұл еңбектердің иллюстрациялық деректерінің де маңызы айырықша. Экспедиция мүшелері зерттеу жұмыстары кезінде алынған материалдық мәдениет мұраларын ҚРМОМ коллекциясына өткізген [204].
В.В.Востров, М.С.Мукановтың «Родоплеменной состав и расселение казахов (конец ХІХ – начало ХХ вв.)» [72], Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востровтардың «Қазақ шежіресі хақында» [31] еңбектерінде Перовск және Қазалы уездері қазақтарының ру-тайпалық құрамы мен мерзімдік қоныстары қамтылған. Авторлардың бұл еңбектерінің жазылуына алғашқы санақ материалдары, әскерилер зерттеулері және Қызылорда этнографиялық экспедициясы материалдары деректік негіз болған. «Родоплеменной состав и расселение казахов (конец ХІХ – начало ХХ вв.)» атты еңбекте Перовск және Қазалы уездерінің ру-тайпалық құрамы картамен берілген.
Қызылорда экспедициясының материалдары «Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Материалы к историко-этнографическому атласу» [370] атты ұжымдық еңбектің «Перовский уезд», «Казалинский уезд» бөлімдерін жазу кезінде, сондай-ақ, Х.Арғынбаевтың «Қазақ отбасы» [28], «Қазақ халқының қолөнері» [29], «Народные обычай и поверья казахов, связанные со скотоводством» [398] атты еңбектерінде қолданылған. Э.А.Масановтың «Казахское войлочное производство