Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн книгу.

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева


Скачать книгу
1965 жылдың тамыз айында президент негрлердің сайлау құқын қорғау туралы заңды бекітті. Ал 1968 жылы баспана сату және жалға беру барысында нәсілдік кемсітушілікке тыйым салу туралы заңға да қол қойылды. Бір сөзбен айтқанда, нәсілдік жікшілдікті шектеу қолға алынды.

      Әлеуметтік реформалардың жүзеге асуына көп қаражат қажет болды, бұл 60-жылдардың аяғында федералдық бюджеттің 38-39 пайызын алды. Тек Джонсонның «ұлы қоғам» атты бағдарламасы ойлағандай іске аспады, оған басты кеселін тигізген бұл АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы деп айтуға болады. Соғыс нәтижесінде салықты көбейту қайта басталды. Бұл халықтың көңілінен шықпады, сондықтан да демократтардың беделі төмендей түсті. Джонсон үкіметі өзінің Вьетнамдағы соғысын бастады. 1965 жылдың ақпан айында президент Солтүстік Вьетнамды жаппай бомбалауға бұйрық берді, ал Оңтүстік Вьетнамға америкалық әскери күш енгізілді. Екі-үш жыл ішінде Вьетнамдағы соғыс қимылдарына 550 мың америкалық әскер қатысты.

      Вьетнам соғысының ушығуы әлеуметтік реформалар жоспарларының іске асырылуына өзіндік кедергі жасады. Сондықтан «ұлы қоғам», «кедейшілікпен күрес» бағдарламалары толыққанды жүзеге асқан жоқ. АҚШ-тың әскери шығындарының көбеюі бюджеттің шамадан тыс қысқаруына, ал ол инфляция мен бағалардың жоғарылауына, әлеуметтік қажеттіліктерге шығындардың қысқаруына, салықтардың өсуіне алып келді.

      Жалпы 60-жылдардың аяғында демократтардың халық алдындағы беделінің төмендеуі 1968 жылғы сайлауда республикалық Р. Никсонның жеңісіне әкелді.

      1968 жылғы сайлау және республикалық үкімет билігі. 1968 жылы 5 қарашада өткен президент сайлауының нәтижесінде республикалық партия өкілі Ричард Никсон жеңіске жетті. АҚШ-тың жаңа президенті қызметіне келгенде, оны төмен экономикалық жағдай, яғни валюталық, америкалық доллардың төмендеуі және ішкі саяси жағдайдың шиеленісуі күтіп тұрды. 1969–1971 жылдары елді экономикалық дағдарыс қамтыды. Өнеркәсіптік өндіріс деңгейі төмендеді, жұмыссыздық өсті, инфляция күшейді, ал бұның барлығы жұмысшылардың жағдайын қиындатты.

      1971 жылы экономиканы қалпына келтіру үшін Никсон «жаңа экономикалық саясат» туралы жариялады. Ол бағдарламаны 1973 жылға дейін 4-кезеңде өткізуді жобалады. Бұл шаралар жалақыны тұрақтандырғанымен бағалардың өсуін тоқтатпады. 1972 жылы АҚШ үкіметі долларға қатысты ақшалай реформа жүргізуге мәжбүр болды. Ал 1974 жылы сәуірде республикалық әкімшілік бағалар мен жалақыны тұрақтандыруға, болмағанда оларға қатал бақылау қоюға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына күш салды. Бұдан басқа кәсіпкерлерге жаңа салықтық жеңілдіктер берілді, ал АҚШ-тың әлемдік экономикалық ұстанымын сақтау үшін елге шет мемлекеттен әкелінген тауарлардан алынатын баж салығының мөлшері 10-пайыз деп белгіленді.

      70-жылдардың басында республикалық әкімшіліктің әлеуметтік саясатында елеулі өзгерістер болды. Никсон үкіметі жасына байланысты зейнетақы мөлшерін көбейтті, жұмыссыздық жөніндегі сақтандыру жүйесіне де өзгерістер


Скачать книгу