Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009). Бақыт Бөжеева

Читать онлайн книгу.

Еуропа жəне Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1945-2009) - Бақыт Бөжеева


Скачать книгу
алдын алуға, демократияны дамытуға, ашаршылық пен аурудың таралуына қарсы күреске жұмсаған әрбір доллар бізге қауіпсіздік және байлық түрінде қайтып келеді» деп жазылған.

      90-жылдардағы АҚШ-тың ішкі саяси өмірі феминистік қозғалыстар санының көбеюімен ерекшеленді. Әйелдер жоғары білім алушылардың 60 %-ын , ұлттық кәсіпкерліктің үштен бір бөлігін және жұмыс берушілердің төрттен бір бөлігін құрады. Президент Б. Клинтон саясатының арқасында әйелдерге тең құқық беру жөнінен АҚШ әлемде көшбасшы болды. Көп жылдар бойы Әйелдер мәселесі бойынша президенттік мекемеаралық кеңес жұмыс атқарады (1995 жылы құрылған). Оның төрайымы президенттің жұбайы Хиллари Клинтон болды.

      Клинтон кезінде парақорлықпен күрес шаралары үлкен табысқа жетті. Президенттің арқасында парақорлық америка қоғамына үлкен қауіп, қазіргі қоғамды бұзатын фактор ретінде түсіндіріле бастады. Осы мақсатта америкалық мамандар парақорлықтың бес түрін: сот органдарындағы парақорлық, заң шығару органдарындағы парақорлық, атқарушы органдағы парақорлық, құқық қорғау органдарындағы парақорлық және экономиканың жеке секторындағы парақорлық деп бөліп көрсетті.

      Парақорлықпен күрестің жемісті нәтижесін Чикагода өткен «Грей-лорд» іс-шаларынан көруге болады. Оның негізінде 15 сот және штаттың 49 заңгері сотталды, 103 адам тәртіп жөніндегі жазаға тартылды, кейбіреулері лицензиясынан айырылды, ал енді кейбіреулері жұмыс орнынан айырылды. Клинтон әкімшілігі барлық деңгейдегі шенеунікті тексеру және федералды, жергілікті билік органдарындағы парақорлықтың алдын алу үшін арнайы жоспар даярлады. Б. Клинтонның ұсынысымен өткен «Шейх» операциясы барысында 200-ден астам шенеунік мемлекеттік қызметінен айырылды.

      Клинтон әкімшілігі ауыр қылмыспен күресуде де едәуір жетістіктерге жетті. 90-жылдары олардың саны 2 есеге азайды. Президенттің табандылығының арқасында ауыр қылмыскерлерге, соның ішінде есірткі саудасы үшін жазалау түрі бұрынғыға қарағанда қатаң болды.

      Жалпы алғанда, қарастырылып отырған кезеңде президент Клинтонның жетістіктеріне мынадай қорытынды жасауға болады:

      Біріншіден, Клинтон экономикалық саясатта дұрыс шешім қабылдай білді, соның арқасында еркін сауда дамып, мемлекеттік бюджет дефициті азайтылды.

      Екіншіден, АҚШ үкіметі ғылымды қолдауды күшейтті, оны қаржыландыру жылына 85 млрд-қа жетті. Бұл шаралар АҚШ-қа ақпараттық технология және биотехнология саласында ғылыми-зерттеу бағдарламаларын дамытуда басқарушы орынға жетуге көмектесті.

      Үшіншіден, Клинтон әкімшілігі экономикалық өсудің негізі ретінде интернеттің дамуына барынша қолдау көрсетті. Электронды коммерциямен айналысатын компанияларға салық көлемін азайтты. Үкімет басшылығымен барлық жалпы білім беретін мектептер, кітапханалар және жоғары оқу орындары интернетке қосылды.

      Төртіншіден, Клинтон әкімшілігі жоғары оқу орнында реформа жүргізді, нәтижесінде мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түскен студенттер


Скачать книгу