Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн книгу.

Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945) - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
соғысқа итермеледі. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы күндері-ақ Францияның Германияға қарсы тұруына тек Ұлыбритания ғана емес, Ресеймен де одақ құрғандығының маңыздылығы зор болды. Осы одақтың мүшесі болған Ұлыбритания да француз-герман қатынасында өзіндік орын алып келгендігі белгілі. Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан кәдімгі аралдық мемлекет Ұлыбритания, ежелден осы аймақта маңызды стратегиялық жағдайды қалыптастырған. Еуропалық құрлықта басқа мемлекеттердің үстемдігін болдырмауға ұмтылған Ұлыбритания тежеу саясатын қалап алған еді. Осыған орай, бірнеше ғасырлар бойы Германия мен Франция арасындағы қатынас тікелей немесе жанама түрде екі мемлекет қайшылығында төреші рөлін атқаруға ұмтылған Ұлыбританияға да байланысты болды.

      Ұлыбританияның ежелден алға қойған мақсаты Еуропа құрылығында «күштердің тепе-теңдігін» құру болғанымен, тек ешбір мемлекеттің онда үстемдік жағдайында болуын қаламады. Атақты саяси қайраткер Гарольд Никольсонның айтуынша: «Британдық саясат қашанда сол сәт Еуропада күшті деп есептелінетін, қандай да болмасын бір елге қарсы топ ұйымдастыруға бағытталды; Егер Еуропадағы ағылшын саясатының мақсаты – күштердің тепе-теңдігі – Англияның тікелей қатысуынсыз іске асатын болса, онда олар «араласпау», «әдемі оқшаулану» саясатын ұстауға әзір. Ал егер олардың қатысуынсыз іс жүзеге аспайтын болса, олар еуропалық іске ашық түрде араласып, әрине, мүмкіндікке қарай, өздеріне аз міндеттемелер алып, «күштердің тепе-теңдігін» сақтауға тырысады».

      Яғни Ұлыбританияның да жалпы сыртқы саясаты геосаясат тұрғысынан қаралған. Сондықтан да өзінің саяси мақсатына жету барысында Ұлыбритания француз-герман қатынасын тиімді пайдалануды көздеген болатын. ХХ ғасыр басындағы осы ағылшын-француз жақындастығы халықаралық қатынастар тарихында «Антанта» («келісім») деген атпен белгілі. Бұл Одаққа қосылған Ресейдің де Германияға қарсы соғыстағы рөлі ерекше, тек оның жағрапиялық орналасуына ғана тоқталатын болсақ, Францияға қарсы топталатын германиялық күшті енді Шығыс бағытына да бөлу қажет еді. Соған қарамастан, Германияның қолына қару алып Францияға ұмтылғандығы соншалықты, 1914 жылдың тамыз айының аяғында, яғни соғыстың басталғанына бір ай да болмай жатып, герман әскері Париж қақпасының алдында тұрды. Тек соғыс барысында Антанта мемлекеттерінің басымдылығы Германия мен оның одақтастарының күшінен артық екендігін айқындатты. 1914 ж. күзінде неміс канцлері Бетман-Гольвет соғыс мақсатын «герман империясының батысы мен шығысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, сол себепті де Францияны қуатты мемлекет бола алмайтындай қылып әлсірету керек, Ресейді герман шекарасынан мүмкіндігінше алыстату қажет», – деп түсіндіреді1.

      Германия да өзінің сыртқы саясатын геосаясат негізінде қарастырып, Еуропалық құрлықта үстемдікке жету үшін, сондай-ақ отар елдердегі ықпалын күшейту мақсатында, осыған орай мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, ең алдымен, жағрапиялық факторды тиянақтауды қолға алады. Осы


Скачать книгу

<p>1</p>

Симычев М. К. Соседи по Рейну: вчера и сегодня. – М., -1988. – С.18.