Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн книгу.

Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945) - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
Францияның премьер-министрі Раймонд Пуанкаре: «Республика тек Еуропаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, еркін өмір сүруді сезінетін, еліміздің тұтастығын сақтайтын, қиралған дүниенің төлемақысын қайтаратын, герман басқыншылығының қайталанбауын қамтамасыз ете алатын бітім шартқа ғана келіседі», – деп мәлімдеген болатын4.

      Бірінші дүниежүзілік соғыс тоқталғаннан кейін, жеңген мемлекеттер қатарында болған Француз үкіметі 1919 жылы 18 қаңтарында басталған Париж мәслихатына осындай талаптармен келген болатын.

      Париж бейбіт мәслихатының мақсаты Германия және оның одақтастарымен бейбіт келісімге келу мәселесін талқылау болды. Мәслихат жұмысының тәртібін ұлы мемлекеттердің өкілдері айқындады, яғни негізінен басқа елдердің мүдделері ескерілмеді. Маңызды мәселелердің шешімі негізінен «ондық кеңестің» мәжілістерінде айқындалды. Бұл кеңес АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония елдерінің екі өкілдерінен тұрды. Кеңестің жұмысы өте құпия, жабық түрде өтетін. Кейіннен мәслихатта АҚШ президенті В. Вильсон, Францияның премьер-министрі Ж. Б. Клемансо, Ұлыбританияның премьер-министрі Д. Ллойд-Джордж және Италияның премьер-министрі В. Э. Орландо, яғни «төрттік кеңес» жетекшілік рөлге ие болды. Дегенмен, бейбіт мәслихат үш адамның шешіміне тікелей тәуелді болды, олар: Жорж Клемансо, Дэвид Ллойд-Джордж және Вудро Вильсон. Мәслихат жұмысына 27 елден 1 мыңнан астам өкілдер қатысты.

      Париж бейбіт мәслихатындағы ең маңызды мәселе соғыстан кейінгі әлемдік құрылымды қандай жолмен қамтамасыз ету болатын. Осыған орай бірқатар:

      – соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесінің өздеріне лайықты жаңа қағидаларын ойластыру;

      – бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысына сай ірі мемлекеттердің ықпал ету аясын қайта бөлісуді жүзеге асыру;

      – соғыстан кейінгі әлемді қайта бөлісуде негізгі нысаналардың – Германия отарлары мен Арабтық Шығыстағы Түрік иеліктерінің тағдырын шешу сияқты маңызды міндеттерді шешу қажет болды.

      Әрине, бұл мәселелер бұған дейінгі де ірі халықаралық мәслихаттарда халықаралық қатынастар жүйесін түбегейлі алға өрбіту жөнінде мәселелерді шешу кезінде де шыққанымен, Париж бейбіт мәслихатында тіпті, жаңа қырынан көрінді. Өйткені әлемдік саяси жағдайда жаңа дәуірдің басталғаны айқын болды. Әлемде барлық дәстүрлі капитализм құрылымының дағдарысы кең етек алса, көпшілік бұқараның капитализмге демократиялық өзгеріс енгізу ұмтылысы белең алды, ал кейде тіпті, оның социалистік ауысуына әкелді. Бірқатар елдерде революциялық дағдарыс басталса, отар және тәуелді елдерде ұлт-азаттық қозғалыстар өсе түсті, ұлттық қозғалыстар Еуропа елдерінде де бой көтере бастады. Сол ретте, Париж бейбіт мәслихатына жетекшілік еткен ел басшылары жаңа саяси жүйені таңдаған Кеңестік Ресейді қатыстыруды қаламады.

      Мәслихат жұмысы барысында АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Жапония арасында әлемдік бөліс үшін қайшылық ушыға


Скачать книгу

<p>4</p>

Пуанкаре Р. На службе Франции. Воспоминания. – М., -1936. – С.12.