Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев

Читать онлайн книгу.

Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945) - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
Куба, Эквадор, Грекия, Гватемала, Гаити, Хиджаз, Гондурас, Либерия, Никарагуа, Панама, Перу, Польша, Португалия, Румыния, Сербтер, хорваттар және словендер Корольдігі, Сиама, Чехословакия және Уругвай бір жағынан, ал, екінші жағынан, жеңілген Германия арасында бейбіт келісімге қол қойылды. Дегенмен, кейбір қытайлық аумақтың тағдыры дұрыс шешілмеуіне байланысты келіспеушілігін білдірген Қытай келісімшартқа қол қоюдан бас тартса, Хиджаз пен Эквадор Версаль бітім шартына қол қойғанымен, оны ратификацияламады, АҚШ сенаты да АҚШ-тың Ұлттар Лигасына мүше болғысы келмейтіндігін сылтауратып, келісімшартты ратификациялаудан бас тартты. Өйткені Ұлттар Лигасының Жарғысы Версаль бітімшартының құрамдас бөлігі болатын. Алайда, АҚШ 1921 жылы Германиямен Версаль келісімшартының мәтініне ұқсас, тек Ұлттар Лигасы жөніндегі баптары жоқ америкалық-герман келісімшартына қол қояды.

      Версаль бітімшарты басты төрт одақтас елдер (Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония) және Германия тарапынан ратификацияланғаннан соң 1920 жылдың 10 қаңтарында күшіне енеді. Келісімшартта Ұлттар Лигасының Жарғысы, Германияның Бельгиямен, Люксембургпен, Франциямен, Даниямен, Швейцариямен, Австриямен, Польша және Чехословакиямен шекарасы қарастырылған, сонымен бірге Еуропаның саяси құрылғысына қатысты мәселелер реттелген.

      Версаль бітімшарты бойынша Германия және оның одақтастары соғыстың шығуына кінәлі деп айыпталды. Версаль бітімшарты Германияда жалпыға бірдей әскери міндеттілікке тыйым салды, оған суасты, әскери және теңіз әуе күшін иеленуге рұқсат етпеді. Әскерінің саны 100 мың адамнан аспауы тиіс болды.

      Версаль бітімшартының қаулысы бойынша, Франция ендігі жерде өзінің заң жүзінде жете алмаған мақсаттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Яғни Франция мемлекеті үш негізгі тетікке ие болды: Германия өзінің басқыншылығы нәтижесінде қасіретке әкелген елдерге, оның ішінде Францияға төлемақы төлеуге міндетті болды; Саар көмір шахтасы Францияның меншігіне өтті және Саар аймағы Ұлттар Лигасының қарауына уақытша бөлінді. Төлемақы көлемі кейін 1921 жылы өткен Лондон мәслихатында 132 млрд алтын марка деп белгіленді. Одан Франция – 52 пайыз, Англия – 22 пайыз, Италия – жалпы соманың 10 пайызын алатын болды. Төлемақы мәселесі өте маңызды еді. 1919 жылғы 25 сәуірдегі министрлер кеңесінің мәжілісінде белгіленген уақыт ішінде одақтастардың әскерінің басып алынған аймақтардан кету мәселесіне байланысты француз үкіметінің басшысы Ж. Клемансо «Германия жағынан төлемақы уақтылы төленбеген жағдайда, бұл аймақтарды біздің қайта басып алуға немесе ұзартуға құқымыз болады. Менің пайымдауымша, Германия борышқа батып төлемақыны төлей алмайды да, біз басып алған аймақтарымызда қала отырып, Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы одақтастығымызды сақтап қаламыз» деп мәлімдеген болатын5. Осыған орай, Германияның уақытында және толық көлемде төлемақы төлеуі үшін Франция Рейннің сол жақ жағалауындағы аумақты одақтастардың әскерімен біріге отырып, кепілдік


Скачать книгу

<p>5</p>

Симычев М. К. Соседи по Рейну: вчера и сегодня. – М., -1988. – С.21.