Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн книгу.жолында маңызды қадам жасалынады. Бұл әлемдегі бейбітсүйгіш мемлекеттердің негізгі қағидасы.
Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен бастап Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің сыртқы саясаттағы басты міндеттері де әлемдік деңгейдегі ынтымақтастықтың халықаралық-құқықтық негізін қалап, халықаралық қауіпсіздік қағидалары мен мақсаттарына беріктігін дәлелдеп келеді. Қазақстан Лиссабон хаттамасының мәні мен мазмұнын қолдағаны ретінде 1992 жылғы мамыр айынан бастап ядросыз мемлекет болу міндеттемесін алды. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарттың адамзат үшін маңыздылығына ешқандай күмән келтірместен осы шартқа қосылды.
Қазақстан Республикасының бірқатар елеулі ұсыныстарының аймақтық, әлемдік мемлекеттер тарапынан қолдау табуы, мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыта түскен аймақтық ұйымдардың пайда болуына әкелді. Осыған орай БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес құрудың аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа негіз боларына жан-жақты дәлелдей алған Қазақстан ұсынысын 2002 жылы 4 маусымда 16 мемлекет қолдап Алматы Актісіне қол қойған болатын. Аймақтағы қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз етудің маңыздылығын негізге алған Қазақстандық және Ресейлік ұсыныстың нәтижесінде 1992 жылдың 15 мамырында Ташкент қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) құрамындағы бес мемлекеттің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шартқа қол қойған болатын. Шартқа қатысушы мемлекеттер халықаралық қатынастарда күш қолданудан немесе қатер туғызудан бас тартатындықтарын бекітті. Орталық Азиялық аймақта тұрақтылықты ұзағынан қамтамасыз етуге ұмтылу барысында 1994 жылдың желтоқсан айында БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары М. Гулдингке Қазақстан Президенті тарапынан жасалынған ұсыныстың негізінде БҰҰ-ның қамқорлығымен үш орталық-азиялық мемлекеттердің бітімгершілік батальонын құруға мүмкіншілік туды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде екіжақты және көпжақты қатынастарды дамытуға ықпал ету мақсатында ұсынылған қазақстандық ой Еуразиялық одақты қалыптастыруға әкелді.
Әсіресе қандай да бір қайшылықты сәттерде мәселенің шиеленісе түсуінің алдын алуға бағытталған сындарлы балама бере алатын ұсыныстар өте маңызды. Қоғамдық пікірдің ұлғая түсуінен сындарлы балама рөлінің мәні де арта түседі,бұл әлемдік қауымдастықтың жағымды шешім қабылдауына әкеледі. Яғни, барлық істе сындарлы ұсыныстарды көтере білу тәсілі оның өмірлік күші мен өзіндік тәжірибелігін дәлелдейді. Болашақ серіктестер (яғни осы ұсыныстар арналған мемлекеттер) алға тартылған ұсыныстардан бірден бас тарта салмай, оған іскерлік тұрғысынан ыңғай танытып, әлде қайда мұқияттылықпен және жан-жақты зерделеу барысында өздеріне, әлем және халықаралық қауіпсіздік мүддесіне тиімділігін таныса, келісімге келу жолы да ұзақ сонар бола қоймас. Халықаралық өмірдегі немесе екіжақты қатынастардағы өте қажетті мәселелерге қатысты ұсыныстар қамтылған жағдайда бұл жолды тіпті де қысқартуға және төтесінен