Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн книгу.екінші және одан кейінгі беттер нөмірленеді. Қосымшалар бөлек нөмірленеді. Беттердің реттік нөмірлері араб цифрларымен құжаттың жоғары жақтағы шегінің ортасына нүктесіз қойылады. Құжаттың немесе қосымшаның бірінші беті нөмірленбейді.
4. Әрбір құжат деректемелер деп аталатын жекелеген элементтерден тұрады. Құжаттың түріне байланысты деректемелері өзгеріп тұрады. Мысалы, құжат жобасында қажетіне орай «Жоба» деген ескертпе қойылуы мүмкін.
5. Жекелеген деректемелерді жазу мен орналастыру талаптары
1. Мәтіннің тақырыбы
Құжаттың тақырыбы оның мазмұнын қысқа және нақты бере алатындай болуы тиіс.
ҚР шетелдік мекемелерімен хат алмасу барысында ел аттарын қысқартып, мысалға: РФ-дағы ҚР Елшісіне сияқты қысқартуға болмайды. Лауазым атын толық түрде жазу қажет, негізінен құжат басқа ұйымдарға жіберілетіні сияқты орындаушысы көрсетіліп ресімделеді.
Жалпы саны үштен аспайтын бірнеше шетелдік мекеме басшыларына құжат дайындағанда былайша жазу қажет:
бұдан соң мәтін келеді. Егер құжат төрт және одан да көп шетелдік мекемелерге жіберілсе:
деген сөздерден кейін міндетті түрде жіберілетін мекемелердің тізімі жеке парақта жазылады.
Қазақстанның барлық шетелдік мекемелеріне арналған циркуляр құжат дайындау кезінде, құжат келесідей түрде ресімделеді:
бұдан соң мәтін (2-3 аралықтан кейін) келеді.
Немесе:
деп жазылады.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің Жолдау хаттарын ресімдеуде хат жіберілетін лауазым атауы құжаттың бірінші парағының сол жақ төменгі бұрышына сол жақ жиек бойынша түзетіліп жазылады.
Мысалы:
Жоғарғы оң жақтағы бұрышта құжатқа қол қойылған қаланың аты және сөздік-цифрлық түрде күні көрсетіледі.
Қазақ тілінде дайындалатын құжаттарда күнді, сандарды және қысқарған сөздерді жазу ерекшеліктеріне көңіл бөлген дұрыс.
Күні мен сандарды жазуда ескерілетін жағдай:
1. Құжаттарды дайындауда күнді жазудың сөздік-сандық (мысалы: 2009 жылғы 21 ақпан) және сандық (мысалы 17.10.2008 ж.) тәсілдері бар. Сандық тәсілді қолдануда мынадай рет қолданылады: күн, ай, жыл.
Сөздік-сандық тәсіл хаттамалар, тапсырмалар, қаржылық құжаттар, хаттар, қызметтік жазбалар, жеделхаттардың мәтінінде күнін көрсету үшін қолданылады.
Сандық тәсіл виза қою, қарар жазу, телефонограмма беруде және басқа да жағдайларда қолданылады.
Құжаттар мәтінінде күнді жазу:
Күндер мен күнтізбелік мерзімдерді құжат жобаларында төмендегідей жазу қалыптасты:
2008