Дипломатиялық құжаттама. Оқу құралы. Амангелді Әліпбаев
Читать онлайн книгу.қайраткерлері үшін жағымсыз қабылданатын мағыналық және шешендік сөз орамдарын қолдануға қатаң тиым салынады. Бұл мемлекетаралық қатынасқа жағымсыз әсер етіп келеңсіз жағдайға әкеледі. Жалпы протоколдық сөз орамдары өз жағынан ешқандай нақтылы саяси мазмұнға ие болмағанымен олар дипломатиялық құжатта протоколдық сөз орамдары арасында орналасқан мазмұн тұтастығының бөлінбес бөлігі болып табылады. Протоколдық сөз орамдары дипломатиялық құжаттарға жалпы өң беріп тұрады. Бұл әсіресе жалпы қабылданған протоколдық сөз орамдарынан ауытқушылық орын алғанда айқын көрінеді, әрине ауытқушылық жағымды жағына ма немесе жағымсыз жағына ма, дегенмен құжаттың мәні бірден сезілетін болады. Алайда осы ауытқушылықты жеңіл аңғару үшін, оны қолдана білу үшін нақтылы дипломатиялық құжаттың түрлерінде пайдаланылатын протоколдық сөз орамдарын өте жетік меңгеру қажет.
1. Дипломатиялық құжаттарды дайындағанда оның екі бағытқа арналуын қалай түсінесіз?
2. Құжаттың халыққа арналғандығы қалай айқындалады?
3. Дипломатиялық құжаттардың көптеген елге арналғанда қойылатын басты шарт қандай?
4. Дипломатиялық құжаттардың мағыналық құрылымы қандай құрамдас бөліктертен тұрады?
5. Дипломатиялық хат алмасуда өнегелілік пен сыпайылық талаптары қалай сақталады?
1. Дипломатиялық құжаттардағы протоколдық сөз орамдарын сараптау.
2. Вербальді нотамен жеке нота мәтініндегі ізеттілік мәнеріне жан-жақты талқылау жасау.
5-ТАҚЫРЫП
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫ ӨЗЕГІ
Диломатиялық құжаттардың негізгі бөліміне оның мағыналы өзегі жатады. Бұл бөлім дипломатиялық құжаттағы басқа құрамдас бөліктердің көлеміне қарағанда әлдеқайда кішігірім ғана болуы да мүмкін. Бірақ осы мағыналы өзегі дипломатиялық құжаттың мәні және қаралатын мәселеге қатысты мемлекеттің ұстанымын өз бойына шоғырландырады. Дипломатиялық құжаттардың мағыналы өзегін таба білу және оны айқындау құжаттың мазмұнын дұрыс қабылдауға әкеледі. Жоғарыда халықаралық тәжірибеде қалыптасқан дипломатиялық құжаттардың түрлеріне тоқталған болатынбыз: жеке жолдау, вербальді нота, жеке нота, жадынамалық жазба және т.б. Дипломатиялық құжаттардың бұл түрлері грамматикалық тәртіп белгілеріне қарай (нешінші жақта құжат дайындалғандығы), оларды ресімдеу түрлері бойынша өз ара өзгешеленеді. Ал дипломатиялық құжаттарды оларда қамтылатын ішкі мазмұны бойынша қалай бөлуге болады? Бір түрге жататын дипломатиялық құжаттардың өзін (мысалы, вербальді нота) ішкі мазмұны тұрғысынан қарастыратын болсақ тіпті де бір-біріне ұқсамай кетеді де, керісінше түрлік белгісіне қарай өзгеше болып табылатын дипломатиялық құжаттар (мысалы, жеке жолдау мен меморандум) біртекті мағыналы өзекке ие болуы мүмкін бе? Шын мәнінде тәжірибе жүзінде осылай ма екендігіне сенімді болу үшін бірқатар дипломатиялық құжаттарды жан-жақты