Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Читать онлайн книгу.

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
нұсқада бояу ойылған сурет сызықтарына толтырылады (офорт, акватинта, меццо-тинто, лавис, т.б.). Г-ның жасалу барысы бірнеше кезеңнен тұрады: алдымен қағазға салынған эскиз тақтаның бетіне көшіріледі. Содан соң арнаулы металл аспаптармен (штихель, қашау, гравирлейтін инелер, арнаулы пышақтар) немесе хим. әдістермен (қышқылмен күйдіру, т.б.) бұл сурет тақтаның бетіне ойылып немесе бедерленіп түсіріледі. Одан кейін тақтаның бетіне бояу жағылып, қолмен немесе арнаулы станокпен қағазға басылады. Г-лар бедерлену әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: мысқа ойылып жасалатын Г., ағаштағы Г. – ксилография, линолеумдегі Г. – линогравюра, офорт, меццо-тинто, т.б. Г. жасалатын негізгі заттар: металл (мыс, мырыш, болат), ағаш (шамшат, пальма, алмұрт ағашы), линолеум, т.б. Г., көбінесе, ақ-қара түсті болып келеді. Алайда әрқайсысына әр түсті бояу жағылған бірнеше тақтадан басылатын түрлі түсті Г. да жиі кездеседі. Г. графикалық өнерге тән сан түрлі бейнелеу құралдарын пайдаланады: контурлы сызық, штрих, дақ, бояу, т.б. Қаттылығы әр түрлі нәрселерден жасалуына орай қалыптасқан стильдік өзгешелігі, авторлық бір нұсқаның көп данасын өзгеріссіз, айнытпай шығаруға болатындығы – Г-ның ерекшелігі. Қондырғылы Г-мен (эстамптар) қатар кітап Г-сы да кең тараған. Алғашқы Г. 6 – 7 ғ-ларда Қытайда пайда болғаны айтылады, ең ертеден жеткен Г-ның жасалған уақыты 868 ж. деп көрсеті – ксилография Жапонияда дамыды. Ресейде 16 ғ-дан белгілі. 18 – 19 ғ-ларда Г. кең таралды. Қазақстанның бейнелеу өнерінде Г. өнердің өркендеген түрлерінің біріне айналды. Республиканың жетекші графикашылары В.И. Антощенко-Оленев, К.Я. Баранов, Е.С. Бейсембинова, Н.С. Гаев, А.А. Гурьев, А.А. Дячкин, И.Н. Исабаев, Ш.Б. Кенжебаев, Б.П. Пак, А.С. Рахманов, Е.М. Сидоркин, Ә.Смағұлов, т.б. Қазақстан Г-сына зор үлес қосты.

      ГРАФФИТИ (итальян, graffіtі – тырналған) – үйлердің қабырғаларына, металл бұйымдар мен ыдыстарға жазылған арнаулардың ғылыми атауы. Олар кейде магиялық мағынада жазылған. Г. – лер көбінесе, ежелгі және орта ғасырлық қала орындарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған. Қазақстаннан табылған граффитилер жазулары ерте кездерді қамтиды. Мысалы, Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы жазулар. Іле ауданындағы түркі заманының ескерткішін қазу барысында табылған қола жүзіктегі «алдыма тізерле, сужүрек» жазуы түріктердің ежелгі дүниетанымынан мәлімет береді. Жүзіктегі жазуды жаудың мысын басу үшін магиялық сипатта қолданған болса керек. Г. – лер көне тайпалардың сөйлеген тілі, тұрмысы жайлы құнды мәліметтер береді және палеографияның құрамдас бөлігі болып табылады. Музей экспозициясында металл бұйымдар мен ыдыстар граффитилері ғылыми-көмекші материалдармен (карта, сызба, т.б.), ал, қабырға граффитилері диорама, понорама ретінде беріледі.

      ГУГГЕНХЕЙМ МУЗЕЙІ – Нью-Йоркта орналасқан, негізін америкалық өнеркәсіп иесі, коллекционер Соломон Роберт Гуггенхейм қалаған. 1937 жылы өнерді дамыту мақсатында «Гуггенхейм қоры» қаражатына ашылған. 1943 жылы архитектор Фрэнк Лойд Райттың жобасымен музей ғимаратын салу басталады.


Скачать книгу