Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Читать онлайн книгу.ашылған жас музей болса да, 4000-нан аса қор заты бар, қазіргі таңда әлемге танымал өнер музейі. Музей 19 ғ. – дың екінші жартысы – 20 ғ. өнерін экспозициялайды, олардың қатарында Доминик Энгр, Эжен Делакру, Александр Кабанел, Пьер Пюви де Шаванна, Гюстав Моро, Камиль Коро, Гюстав Курбе, Джеймс Тиссо, Анри Фантен-Латур жұмыстары бар. Әлемдік шедеврлер қатарында Эдуард Маненің «Көгалдағы таңғы ас», «Олимпия», Эдгард Деганың «Үтіктеуші», Пьер Огюст Ренуардың «Мулен де ла Галеттегі бал», «Ауылдағы би», Клод Моненің «Әсер. Күннің атуы», «Руан соборы», «Мактар», Альфред Сислейдің «Пор-Марлидегі су тасқыны», т.б. жұмыстары бар. Постимпрессионистер – Винсент Ван Гог, Поль Сезанн, Поль Гоген, Анри де Тулуз-Лотрек, «Наби» тобына енетін – Пьер Боннар, Эдуард Вюйяр, Керра Ксавье Руссел, сондай-ақ фовистер мен Понт-Авен мектебі суретшілері жұмыстары қойылған. Музей мүсіндер коллекциясына да бай, онда Франсуа Рюд, Жан Батист Карпо, Онор Домью, Огюст Роден, Эмиль Антуан Бурдель, Аристед Майоль мүсіндері қойылған. Сәндік-қолданбалы өнер туындыларынан жиһаздар, вазалар, әшекейлер, т.б. экспозицияланған.
ДРЕЗДЕН СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ – Германияның Дрезден қаласындағы әлем суретшілерінің таңдаулы туындылары жинақталған сурет көрмесі, негізі 1722 жылы қаланған. Дрезден сурет галереясы 16 ғ. – да саксондық курфюрсттер Кунсткамерасының (сирек кездесетін заттарды жинайтын орын) бір бөлімі ретінде құрылған. 18 ғ. – да кеңейтіліп, 19 ғ. – дың ортасында музейге айналды. Ғимарат құрылысын 1847 жылы архитектор Г.Земпер бастап, 1855 жылы архитектор Крюгер аяқтаған ғимарат Цвингер саксондық курфюрстер резиденциясына кіреді. Коллекция жинау ісі саксондық курфюрст Фридрих ІІІ (1486-1525) билігі тұсында басталған, ол әртүрлі раритеттерді сатып алған, Лукас Кранах, Альбрехт Дюрер сияқты атақты суретшілерге тапсырыс берген. 1560 жылы Август І Кунсткамера құрып, онда табиғат ескерткіштерін, ескі монеталар, ыдыстар, картиналар, механикалық аппараттар, зерттеу құрал-жабдықтарын жинаған. Саксония билеушілері жинаған құндылықтарды Виттенберг сарайында сақтаған. 15 ғ. – дың аяғында Дрезден астана болғанда коллекция Кунсткамераға көшірілген. Коллекция жинау 17 ғ. – да жоғары қарқын алған, осы кезеңде Я. Ван Рейсдаль, Питер Пауль Рубенс, Паоло Веронез жұмыстары сатып алынған. Август ІІ билігі тұсында (1670-1733) коллекция құндылықтарының қатары одан әрі көбейген, ол Никола Пуссеннің «Флора патшалығы», Джорджоненің «Ұйқыдағы Венера», т.б. атты шедеврлерді сатып алған. Август ІІ 1722 жылы Цвингер ансамблі құрылысын салу кезінде көркемсурет туындыларын, басқа коллекциядан бөлген. Сол кезеде Гравюра кабинеті, Фарфор музейі, ғылыми-жаратылыстану музейі, Мүсіндер мен картиналар галереясы құрылды. Галерея алғашында Неміс және Француз павильоннының жоғарғы қабатында орналасып, онда 1855 жылға дейін жұмыс жасаған. Бұл кезде галерея қоры 1995 бірлікті құраған. Ал Август ІІІ билігі тұсында оның агенттері Париж, Рим, Амстердам, Прага аукциондарын ең үздік деген жұмыстарды сатып алған, 1745 жылы Италиядан герцог Моден д`Эсте коллекциясынан 100 картинаны иеленген. Август ІІІ