Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева

Читать онлайн книгу.

Музейлік электронды сөздік - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
– шіркеу, собор, монастырь, костел, кирха; иуда дінінде – синагога; ал будда дінінде олардың ортақ атауы жоқ, әр елде әр түрлі аталады (мыс., Жапонияда тэра, Шри-Ланкада вихара, Моңғолияда хурэ, Бурятияда дацан, т.б.). Ғ-лар, негізінен, іргелі, еңселі, биік мұнаралы, көп күмбезді, бірнеше текшелі, әлденеше бөлмелі сәнді де күрделі ғимарат болып келеді. Ғимараттың ішінде алтарь, мінбар, михраб сияқты дұға бағыштайтын арнаулы орындар болады. Ғ. іші хұсни хаттармен, періштелер мен әулиелердің бейнелерімен, ою-өрнектер және әсем жазулармен безендіріледі. Ғ-лар архитектурасы адамның Құдайға құлшылық етіп, онымен байланысқа түсетін орны ретінде әр дінде әр түрлі діни тұспал-нышандармен, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мыс., мешіт күмбезінің ұшар басында міндетті түрде исламның белгісі – жарты ай бейнесі, ал шіркеуде айқыш (крест) орнатылады. Көптеген Ғ-лар өзінің ғажайып көркімен әлемдік сәулет өнерінің жауһар мұралары қатарынан орын алады. Ғибадатханалардағы діни мұралар діни кітаптар, фрескалар, икондар т.б. музей экспозициясы қызметін атқарады.

      ДАЛЬВИЧ КАРТИНА ГАЛЕРЕЯСЫ – Лондондағы қызықты өнер музейі. Музей ғимараты 1811 жылдан архитектор Джон Соан басшылығымен Фрэнсис Буржуа мен Ноэл Дезанфан қаражаттарына салынып, 1817 жылы ашылған. Музейде батысеуропалық көне шеберлердің туындылары сақталған. Онда итальян, испан, француз, ағылшын, фламан, голланд, неміс өнер туындылары бар16-18 ғ. – лар өнер туындыларынан Никола Пуссен, Питер Пауль Рубенс, Бартолом Эстебан Мурильо, Антонис Ван Дейк, Рембрандт, Антуан Ватто, Томас Гейнсборо еңбектері бар.

      ДАНИЯ МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІ – Копенгаген қаласындағы бұл ірі музей дат корольдарының коллекциялары негізінде құрылып, ғимараты 1889-1896 жылдары архитекторлар Далеруг пен Меллердің жобасымен салынған. 16 ғ. – да дат королы Кристиан I Альбрехт Дюрерден оның графикалық жұмыстарының коллекциясын сыйға алған. Музей қорында 16-20 ғ. – лар аралығындағы дат гравюрасы, 9000 картина мен мүсін, 300000-нан аса графикалық жұмыстар жинақталған. Экспозицияда итальян қайта өркендеу дәуірі (Андреа Мантеньи, Тициан, Якопо Тинторетто, т.б.), нидерландық, голландық, фламандық мектептер (Үлкен Питер Брейгел, Рембрандт, Франс Хальц, Питер Пауль Рубенс, т.б.); 19 ғ. шеберлері (Кристофер Вильгельм Экерсберг, Кристен Кобке, т.б.) туындылары қойылған.

      ДЖОРДЖОНЕ, шын аты-жөні Джорджо Барбарелли да Кастельфранко (1477 – 1510) – италиялық суретші, кескіндемеші. Қайта өрлеу дәуірі өнерінің негізін салушылардың бірі, венециялық мектептің өкілі. Джованни Беллиниден тәлім алған. Әнші әрі музыкант ретінде де аты шыққан. Діни композициялармен қатар («Бақташылардың тәжім етуі», Ұлттық өнер галереясы, Вашингтон), зайырлық сюжеттерге де картиналар жазды («Юдифь», Эрмитаж, Санкт-Петербург; «Үш философ», Өнер тарихы музейі, Вена; «Найзағай», Академия галереясы, Венеция; «Ұйқыдағы Венера», Картиналар галереясы, Дрезден). Д. шығармалары өмірді, табиғатты нәзік поэтикалық сезінумен, адамның және табиғи ортаның жарасымды, кемел үйлесімімен, рухани сезімнің нәзіктігімен


Скачать книгу