Музейлік электронды сөздік. Тәттігүл Картаева
Читать онлайн книгу.қалған қабырға сағаты. Бұған жапсарлас, терезелері теріскейге қараған бөлме – ақынның ұйықтайтын бөлмесі. Бұл бөлме Жамбыл дүниеден қайтқан сәттен ешбір өзгермеген. Есіктің оң жағында киім ілінген шкаф тұр. Бұрышта – ағаштан қиып жасалған шифонер. Терезе аралығында алдында күнделікті тұрмысқа керекті заттар қойылған айна тұр. Қымыз құятын торсық, ақынның асатаяғы, күлсауыт және оның өмірлік серігі болған көне домбыра. өлы Жамбылдың туғанына 150 жыл толар қарсаңында өзінің тарихи тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасының, оның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың нұсқауымен, Республика үкіметінің шешімімен толық жаңғыртылып, қайта салынған тарихи музей еліміздегі ірі тарихи ескерткіш-мекенге айналды. Жаңа салынған конференц залда Жамбылдың 150 жылдық мерейтойын тойлау рәсімдеріне байланысты музейге ескерткіш – сыйға берілген құжат, тарту-таралғылар, сурет, т.б. көрмесі қойылған. Ж. м-ның бағының ішінде, Жамбыл кесенесінің жанында қазақтың біртуар композиторы, дирижері, ұлы ақынның інісі Нұрғиса Тілендиевтің бейіті мен ескерткіш-құлпытасы бар. Бір ғасыр өмір кешкен ұлы таланттың туып-өскен мекені – қазақстандықтардың зиярат ететін қасиетті орындарының бірі.
ЖАҢА МУЗЕОЛОГИЯ – Шетелдік музеологияда 1980 жылдарында дәстүрлі музейлерді дамыту бағытындағы ізденіс нәтижесінде қалыптасқан жаңа бағыттағы музейлерді құру, жасау және дамыту. Қазіргі заманғы музейлер қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. Қазіргі заманғы музейлердің құрылымы, ұйымдастырылуы және қызметі негізінен сол қор жинағының бағыты мен мазмұнына сай қалыптасады. Музейлердің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі міндеті – коллекцияларды жүйелеу және зерттеу болып табылады. Оның нәтижесі музей қорындағы шығармалардың толық каталогында, ғылыми мақалаларда, музей жолсеріктерінде, буклеттерінде, арнайы ғылыми-көпшілік кітаптарда көрініс табады. Музейлер қазіргі таңда ғылыми-зерттеу бағыттарының тақырыптары аясында симпозиумдар, семинарлар, конференциялар өткізуді жүйелі жолға қойған. Музейлер тәжірибесінде мемлекеттер арасында мәдениет ісіндегі тәжірибе алмасу аясында мәдени диалог ретінде музей қорындағы коллекциялар көрмесін ұйымдастыру ісі қалыптасқан. Қазіргі таңдағы музейлердің ағартушылық ісі экскурсиялар, экскурстар, лекторилер жүргізуден көрінеді. Музейлер ғимараты арнайы жабдықталған кешенді орындармен, ғылыми-көмекші бөлімдермен, экспозициялық залдармен, қор сақтау орындарымен, көрме залдарымен, реставрациялық шеберханалармен, ғылыми кітапханамен, т.б. жабдықталады. Әлемдегі және еліміздегі музейлер жүйесін қазіргі өскелең заман талабына сай жетілдіру мен өркендетудің бірден бір жолы оның ғылыми-зерттеу негізін нығайтудан да көрінеді.
Музейлерді жаңа бағытта дамытуға деген ізденіс ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан басталды. Латын Америкасында «интеграцияланған музей» тұжырымдамасы жасалып, оның негізгі ережелері 1972 жылы Сантьяго (Чили)