Аймақтық экономиканы басқару. Қарлығаш Мұхтарова
Читать онлайн книгу.тәртіп нормалары).
Шарттардың мұндай әртүрлілігі бір анықтамада аймақтың мәнін толықтай ашуға мүмкіндік бермейді. Өйткені осы шарттар арқылы аймақты анықтайтын болсақ, ол бір мезгілде ұлттық шаруашылықты аумақтық ұйымдастыру, таратып орналастыру жүйесінің элементі және қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру элементі ретінде де қарастырылуы керек.
Аймақ – өзінің құрылымы, функциялары, сыртқы ортамен байланысы, тарихы, мәдениеті, халықтың өмір сүру жағдайлары бар біртұтас жүйе. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде 5-қосымша жүйенің жиынтығымен сипатталады:
– жүйені құрайтын база;
– жүйені қамтамасыз ететін кешен;
– экология;
– халық;
– нарық инфрақұрылымы.
Көрсетілген қосымша жүйелердің өзара байланысы мен өзара әрекетін қамтамасыз ететін, оларды біртұтас әлеуметтік-экономикалық жүйеге біріктіретін негізгі фактор – адамдардың қызметі болып табылады. Адам – әрбір қосымша жүйенің органикалық бөлігі. Ол өз алдына табиғат бөлігін, ұлттық шаруашылықтың өндіргіш күштерінің негізгі компонентін және халық бөлігін білдіреді, себебі басқа адамдармен байланыс және қарым-қатынас арқылы дербес әлеуметтік-аумақтық қауымды құрайды.
Сонымен, тұжырымдайтын болсақ, аймақ – бұл басқа аумақтардан бірқатар белгілерімен ерекшеленетін және біршама тұтастыққа ие белгілі бір аумақ. Ол кешенділігімен, тұтастығымен, мамандануымен және басқарылатындығымен, яғни басқарудың саяси-әкімшілік органдарының бар болуымен сипатталатын әкімшілік шекарасы бар аумақ.
Аймақтар тұтас заң жүйесімен, бірыңғай ақша және инстиуционалдық жүйемен шектелген ұлттық экономиканы құрайды. Кез келген ұлттық экономика көптеген әр түрлі тәсілдердің көмегімен аймақтарға бөлінеді. Бірақ жүйенің өзіндік қасиеттерінен туындайтын бірқатар шектеулер бар. Ондай шектеулердің бірі кеңістіктік бөлудің үздіксіздігі, өйткені ұлттық экономиканы бөлгенде әрбір аумақ қандай да бір аймақтың құрамына енуі тиіс. Егер бұл шарт орындалмаса, онда экономика мен оның жекелеген бөліктерін біріктіру арасындағы өзара байланысты талдау мүмкін болмайды. Шектеудің келесі түрі талдаудың табиғатына тәуелді. Осыған байланысты талдау үшін алынған аймақтардың санына қатысты мәселе туындайды. Мысалға, ұлттық жоспарлау үшін аймақтар санының аз болғаны тиімді.
Экономикалық жүйені кеңістіктік бөлудің маңызды тәсілі – әкімшілік-аумақтық бөлу. Бұл тәсілмен бөлгенде елдің қалыптасқан мемлекеттік аумақтық құрылысы негізінде жіктеу жүзеге асырылады. Елдердегі аймақтық бөлу – Конституциялық бекітілген сол сияқты тарихи қалыптасқан дәстүрлер немесе арнайы қойылған міндеттер негізінде де жүргізіледі.
Әкімшілік-аумақтық бірліктер – бұл мемлекеттік басқарудың объектісі болып табылатын, шекарасы мен мәртебесі әкімшілік тәсілмен бекітілген аймақтар. Қазақстан Республикасының әкімшшік-аумақтық құрылысы туралы заңына сәйкес аймақ – республиканың бірнеше елді мекендері енгізілетін,