Аймақтық экономиканы басқару. Қарлығаш Мұхтарова
Читать онлайн книгу.зерттейді. Өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру аймақтық экономиканың негізі, басты құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Аймақтық экономиканың пәні өндіргіш күштердің әлеуметтік-экономикалық, аймақтық орналасуын және экономика салаларының дамуын, аймақтардың маңызды табиғи-географиялық, демографиялық және экологиялық ерекшеліктерін, сонымен қатар аймақаралық, аймақішілік экономикалық байланыстарын зерттеу болып табылады.
2. Америкалық зерттеуші У. Айзард мәселелердің басқа тобын көрсетеді: аймақта тиімді дамуы мүмкін ерекше салаларды немесе олардың топтарын зерттеу; аймақтағы халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту; аймақтық шаруашылықты әртараптандыру мәселелері; шектеулі ресурстарды тиімді қолдану. Осыған сәйкес У. Айзард келесідей мәселелерді бөліп көрсетеді:
• адамның іс-әрекеті белгілі бір кеңістікте жүзеге асырылады, осыған орай, ресурстар, нарықтар, өндіріс өнімдері белгілі бір орындарда орналасады;
• ресурстар, оларды өндіру мен тұтыну кеңістікте біркелкі орналаспаған, сондай-ақ бірқатар ресурстардың орналасуы тұтас, жинақы емес, соған байланысты факторлар мен даму жағдайларының кеңістіктік саралануын (дифференциациясын) туындатады;
• ресурстар шектеулі және көптеген мақсатта қолданылады, басқаша айтқанда, шектеулі ресурстарды бөлу мен тиімді пайдалану мәселесі орын алады.
Мұндай жағдайда аймақтық экономиканың пәні, біріншіден, әлеуметтік-экономикалық дамудың кеңістіктік саралануының экономикалық аспектілері, екіншіден, ресурстардың біркелкі бөлінбеуі мен шектеулілігі жағдайында аумақтардың өзара қарымқатынасы болып табылады.
Бұл анықтама зерттелетін құбылыстың барлық жақтарын бірдей бейнелей алмайды, атап айтқанда, аймақтық саясатты қалыптастыру тәрізді аймақтық экономиканың маңызды аспектісін.
3. Экономика ғылымының саласы ретіндегі аймақтық экономиканың анықтамасы оның тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталғандығын айқындайды, сонымен қатар ол мәселелерді талдауды ғана емес, сондай-ақ сол мәселелерді шешудің жолдары мен әдістерін жасауды да қамтиды.
Сондықтан кең мағынада аймақтық экономиканың пәні аталған кеңістіктік мәселелерді зерттеу, оларды шешудің жолдары мен механизмдерін анықтау, сондай-ақ ұсынылған шешімдерді жүзеге асырудың салдарларын бағалау болып табылады.
Сонымен, аймақтық экономика – экономикалық өмірдің кеңістікпен байланысты аспектілеріне ерекше көңіл бөлетін аумақтық дамудың экономикасы.
Аймақтағы мәселелерді зерттеу қазіргі таңда бірқатар факторлар арқылы анықталады. Оған:
• көлікпен байланысты фактор, аумақтағы тауар мен ресурстарды тасымалдауға кеткен шығынмен анықталады;
• өндіріс пен халықтың аумақта бірлесіп орналасуынан туындайтын агломерациялық әсерлердің болуы;
• өндіріс факторларының тұтас, жинақы орналасуының шектеулілігі және кейбір факторлардың жергілікті болуы, яғни белгілі аумақта орналасуы;
• еркін бәсеке механизмдерінің шектеулілігі сияқты факторлар жатады.
Кеңістіктік дамудың