Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.Д.М. Исхаковтың39, И.Л. Измайловтың40 концептуалдық көзқарастары да бар. Олардың пікірінше Алтын Ордада мемлекеттік идеологияға құрылған әскери-феодалдық ақсүйектердің жаңа этносаяси қоғамдастығы қалыптасты, олар дәстүрлі (түркілік және моңғолдық) аңыздармен қатар ислам идеялары мен символдарын пайдаланды. Зерттеушілердің пікірі бойынша бірінші этноқұрушы фактор – ол мемлекет. Екінші мәселе этноқұрушы әлеуметтік топ – ол әскери-феодалдық ақсүйектер. Айталық, зерттеуші Т.Д. Скрынникова бойынша «моңғолдардың әлеуметтік ұйымының негізгі қағидаты генеология болып табылады. Бұл әлеуметтік бірліктің мүшесі болу, осы топқа мүше болу жайылымдарға қолжетімділік пен ресурстарды бөлу мәселелерін анықтады. Генеология әлеуметтік байланыстарды реттеу құралы болды, иерархияны анықтап, билік ету қатынастарын айқындады».
Қоғамның одан арғы стратификациясы мен жіктелуі үдерісі жаулап алынған аумақтардажүрді. Жаулап алынған қалалар ментұрғындарғақатысты моңғолдардың саясатын сараптай келе Л.Р. Кызласов мынаны ескертеді:
«XIII ғасырда моңғол ақсүйектері ортасында бағындырылғандарды және жаулап алынған елдерді қарсыластарға үрей мен қорқыныш дарыту үшін толықтай жойып жіберу керек дейтін едәуір топтар болды. Дегенмен күшті хандық билігі бар, орталықтандырылған қуатты мемлекет құруды мақсат етіп әрі осыған байланысты моңғол және түркілердің феодалдандырылған әскери-көшпенді ақсүйектерінің орталықтан қашу ұмтылыстарын ауыздықтау қажет деген де ұстанымы болғаны белгілі». Алтын Орда моңғол империясынан мемлекеттің шеткі шекараларын қорғайтын және отырықшы елдердің тәуелсіздікке ұмтылысын басып, жаншитын қуатты әскерді, ақпараттық-көліктік құрылымды, діндерге төзімділік пен мемлекеттің әкімшілік негіздерін мұраға алып қалды. Көшпенді құрылымдар мен отырықшыдиқаншы аумақтардың әлеуметтік, мәдени және саяси сфераларының біртіндеп күшеюі саяси-құқықтық жүйе элементтерін бағындыруға және әлеуметтік категориялар мен топтарды жіктеуге мүмкіндік берді. Билік әскеримемлекеттік машинаны арқа тұтты және Ұлы хан тұрғындарды басқару мен жазалаудың көптеген құралдарын пайдаланды (әскери жорықтарға қатысу міндеттілігі, моңғол әскеріндегі қатал тәртіп, әскери-әкімшілік аппараттың бақылауы, т.с.с.). Алтын Орда тарихының бұл аспектілері М.В. Горелик, Фомичев және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Тарихи зерде дамуының қазіргі кезеңіндегі негізгі мәселелерінің қатарында әр түрлімәдени дәстүрлер мен діндердің өзара байланыстары тұр. Алтын Орда қоғамын исламдандыру үдерісі туралы мәселе тарихнама үшін қызығушылық туындататын қосымша тағы бір бағыт болып табылады. Айта кету керек, сол уақыттарда діннің рөлі өте күшті болды және ол қандай болмасын соғыс әрекеттерінің идеологиялық негізгі қызметін атқарған еді. Алтын Орда саясатындағы ислам факторы рөлінің күштілігі туралы араб тарихшылары да жазған болатын: «Беркеге құранды оқыту кезі келгенде Ходжент қаласынан мұсылман имамдарының бірі таңдалып алынды. Берке Бұхарада мұсылман
39
Исхаков Д.М., Измайлов И.Л. Этнополитическая история татар. – Казань, 2000.
40
Измайлов И.Л. Некоторые аспекты становления и развития этнополитического самосознания насе- ления Золотой Орды / Из истории Золотой Орды. – Казань, 1993.