Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов
Читать онлайн книгу.жолы негізгі артериясына шығу жолдарын қарастыра бастады. Бұған Ирандағы Хулагуидтер мемлекетінің күйреуі де көмектесті. 1357 жылы Алтын Орда ханы өзінің ұлы Бердібекпен бірге Дербент арқылы Әзірбайжанға жорыққа шығып, оны, астанасы Тебризбен қоса тез арада жаулап алды. Алтын Орда әскерінің басқа тобы Хорасанның бір бөлігін бағындырды. Сонымен, Жошы әулеті ақыры оңтүстік Капказға үстемдік ету мақсатына қол жеткізді. Бірақ Жәнібек күтпеген жағдайда Әзірбайжандағы билікті өзінің ұлы Бердібекке ұстатты. Жәнібек Сарайға оралып, көп ұзамай 1357 жылдың күзінде, обадан болуы керек, қайтыс болды. Бердібек жаулап алынған облыстардағы бар билікті екі әмірдің құзырына бере салады. Қайткенде де Бердібектің кетуімен Алтын Орданың Ирандағы жеңістері нәтижелі болған жоқ. 1357 жылы Бердібектің (1357-1359 ж.) билікке келуі Алтын Орданың терең саяси дағдарысқа ұшырауымен тұспа-тұс келді. Орыс жылнамаларының сипаттауы бойынша Бердібек өзінің ұлын және он екі туысын өлімге кесу туралы бұйрық беріп, көп ұзамай өзі де қайтыс болады. Ол қайтыс болғаннан кейін 1359 жылы елде орыс жалнамаларында «ұлы бүлік» деп аталған тарихи жағдай орын алды. Алтын Орданың құлдырауы мен бытырап, күйреуі дәуірі басталады.
Алтын Орданың саяси тарихын қысқаша шолу ол туралы тарихи мәліметтердің көптүрлі болғанын және олардың ортағасырлық ірі мемлекеттің геосаяси жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Алтынордалық жазбаша деректер ханның бірнеше жарлықтары түрінде ғана сақталған, себебі тоқтаусыз соғыстар, өзара қақтығыстар мен тынымсыз күрес салдарынан құжаттардың көпшілігі жойылып кеткен. Осыған байланысты араб және парсы авторларының мәліметтері ерекше маңызды болып табылады. Олардың басым бөлігін өткен ғасырда шығыстанушы В.Г. Тизенгаузен жинақтап басып шығарған еді. «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағының» бірінші бөлімі жарыққа 1884 жылы шыққан болатын және күні бүгінге дейін Алтын Орда өмірінің әр түрліжақтарын зерттеуде өте маңызды құрал болып табылады. Бұл басылымдар Алтын Орданың өмір сүру кезеңін қамтиды, онда ортағасырлық араб хроникалары мен саяхатшыларының жазбалары да біріктірілген. Араб авторларының көпшілігі Жошы ұлысына келмей-ақ, қажетті ақпараттарды дипломаттар мен саудагерлерден жинастыруы араб деректерінің кемшілігіне жатады. Сондықтан тарихи деректер сипаттайтын жалпы картина дұрыс көрсетілмеген немесе тіпті, қателіктерге бой алдырған. Соның өзінде археологиялық, дипломатиялық хаттар және т.б. дерек көздерін сараптай отырып тарихи болмысты ашып көрсетуге және толықтыруға болады.
Алтын Орданы көзімен көрген ибн-Батута сияқты араб авторларының шығармалары құнды құжаттар қатарынан орын алады. Оның жеке өзі Өзбек хан билігі тұсында Қырымда, Солтүстік Капказда, Еділ бойында және Хорезмде болып қайтқан. «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жиынтығының»21 II томы 1941 жылы жарық көрді. Оның негізін парсы авторларының шығармаларынан үзінділер құрады. Бұл тарихи дерек көздерінде Алтын Орданың саяси тарихында орын
21
Тизенгаузен В.Г. Сборник материалов по истории Золотой Орды. – М. – Л., 1941. – II том.