Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап. Коллектив авторов

Читать онлайн книгу.

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан ХІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
сипат алды. Халықаралық қатынастарда Берке хан ислам мемлекеті билеушісі ретінде көрінді. Ол халифатты жаулап алып, Халиф Мустасимді өлтірген Хулагуге қарсы Мысыр мемлекетімен одақ құрып, Хулагу мемлекетіне қарсы әскери қимылдарға дейін барды». Берке хан тұсында ислам дінінің саяси ықпалының өсуіне қазақ ғалымы Қ. Зардыхан45 назар аударады: «Берке 1257-1266 жылдар аралығында Жошы ұлысында тоғыз жыл билік құрды. 1. Мұсылман елдерімен жан-жақты қарым-қатынас жасау арқылы Қыпшақ даласына мұсылман діні дендеп кіруіне мұрындық болды. 2. Алғаш рет салық реформасын жүргізді. 3. Ел астанасын Еділді бойлай көшу арқылы Еуразия мәдениетінің аражігін жалғады, шығыс пен батысты араластыруға мүмкіндік тудырды».

      Тарихнама үшін Алтын Ордада қалалар тұрғызу мәселелері де құнды аспектілер қатарынан орын алды. «Қала салу идеясын моңғолдар көршілерінен алған жоқ. Бұл идея көшпенді қоғамның дамуы нәтижесі ретінде өз қойнауынан туындаған еді», – деп жазады В.П. Егоров46. Ресейлік зерттеуші

      Э.С. Кульпин47 Алтын Орда қалаларын тұрғызу ерекшеліктеріне назар аударады: «Алтын Орда қалалары еуропалық қалалардан ерекшеленетін. Егер Еуропа қалалары қоғамдық қаражатқа, аз бөлігі мемлекет есебінен салынған болса, Алтын Орда қалаларын тұрғызуға мемлекеттік қаржы-экономикалық ресурстары көптеп бөлінді». Алтын Орданың гүлдену кезеңі билікке келген Өзбек ханның (1312-1313-1341-1342) есімімен тығыз байланысты. Алтын Орда қала құрылысы мен халықаралық сауда, білім мен рухани өмір орталығына айналады. Тарих ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде көшпенді және отырықшы өркениеттердің, әр түрлімәдени дәстүрлердің өзара байланыстарын зерделеу ғылыми-зерттеулердің басым бағыттарының бірі болып саналады.

      Бақылау сұрақтары:

      1. Еуразиялық империя Алтын Орданың деректік негіздері.

      2. Аумақтық-саяси шекаралардың қалыптасу процесі, тарихи жағрафиялық өзгерістері: дамуы мен трансформациясы тарихи деректерде.

      3. Алтын Орда мемлекетінің тарихын зерттеудегі қарама-қайшылықтар.

      4. Алтын Орданың батыс тарихнамасындағы орны мен маңызы.

      5. Заманауи тарихнамада Алтын Орданың этносаяси тарихын зерттеудің ерекшеліктері.

      6. Еуразиялық империяның мемлекеттілік институттарының эволюциясы: ішкі дамуы және сыртқы әсерінің маңызды рөлі.

      7. Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы механизмдері, әлеуметтік институттары тарихи зерттеулерде.

      § 2. Жошы ұлысы. Алтын Орданың құрылуы және 1312 жылға дейінгі саяси тарихы

      Шыңғыс хан қайтыс болғанымен мұрагерлері оның саясатын өзгерткен жоқ. Олар барлық күш-жігерлерімен Шыңғыс ханның өсиетін – «моңғол жылқысының тұяғы жеткен» жердің барлығына өздерінің билігін жүргізуді жүзеге асыруға тырысты.

      Алтын Орда тарихы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұлысына тиесілі болған, Балқаш көлі мен Арал теңізінен солтүстікке қарай созылған далалық аймақта, Ертістен Жайыққа дейінгі аумақ та тікелей қатысты. Шыңғыс хан өліміне


Скачать книгу

<p>45</p>

Зардыхан Қ. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. – Астана, 2004. – С. 169.

<p>46</p>

Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды. – М., 1985.

<p>47</p>

Кульпин Э.С. Золотая Орда: судьба поколений. – М., 2008.